Білімді жетер мұратқа

          Жаңашылдықтың жаршысы, еліміздің ертеңі – жастар. Ең бастысы қазіргі жастарымыз – дамыған мемлекеттермен терезесі тең егемен елдің еркін ұландары екендігін терең ұғынатын қозғаушы күші. Сондықтан, жастардың рухани дамуы мен кәсіби даярлығын дамыту барысында Атырау мұнай және газ университетінде бар жағдайлар жасалуда. Соның бір айғағы, жоғары GPA ие болған «Электроэнергетика» мамандығының студенттері Сисембаева Әсел, Марат Асылан және Жанқуатова Мәдинаға  18 қаңтарда  «Флюр Қазақстан ИНК» (FLUR) Атырау филиалының директоры Д. Ханкер мен осы компанияның кадр жөніндегі координаторы Л. Жаманова компания филиалының стипендиясын тапсырды. Аталған компания филиалы біздің оқу орнымыздың озат студенттеріне бірнеше жыл қатарынан стипендия тағайындап келеді және университетке қолдау көрсетеді. Осы жылдың бірінші тоқсанында компания күн және жел электр станциясын қондыруды қолға алды, бұл оқу орнында дербес электроэнергиялық кешен жабдықтауға мүмкіндік береді.

        АҚШ-та FLUR компаниясының құрылғанына 100 жылдан асты.Дүние жүзінің 120-дан астам елінде, соның ішінде, Атырау қаласында да филиалы орналасқан. Қазақстанда 25 жылдан астам уақыт бойы Fluor корпорациясы жобалау, материалды-техникалық қамсыздандыру, құрылыс, техникамен қамсыздандыру жəне жобаны басқару салаларында  жетекші  мекеме болып келеді. АтМГУ мен компания арасындағы ынтымақтастық жоспарында мамандар мен ақпарат алмасу қарастырылуда.

       Университет басшылығы мен студенттері компанияның оқу орны мен жастарға жасап жасап жатқан көмектеріне алғыс білдірді.