Сталинград шайқасына – 75 жыл

2018 жылдың 2 ақпанында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырау мұнай және газ университетінің Даңқ залында Сталинград шайқасындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған шара өтті. Шараға ардагерлер,  АтМГУ-нің оқытушылары мен студенттері, ҚХА кафедрасының өкілдері, «Былина» этномәдени бірлестігі, Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің өкілдері, №17 мектеп-лицейдің оқушылары қатысты.

Аталған шараның мақсаты – Сталинград шайқасы туралы жастардың білімдерін толықтыру, деректермен таныстыру, отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін қалыптастыру. ҰОС кезіндегі адамдардың батырлық ерен еңбектеріне, ерлдіктеріне, аға ұрпаққа және сол кезең ескерткіштеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Шара барысында «Сталинград – ерлік сабағы» атты деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ, ҚХА кафедрасы филиалы кеңесінің мүшелері солдаттардың хаттарын терең оймен, сезіммен оқып шықты. Баяндамашылар соғыс кезеңіндегі тарихи деректері, Сталинград шайқасының алғашқы кезеңдеріндегі ауыр жағдайды,  кеңес әскерлерінің жанқиярлық батырлығы, Отан Ана үшін шайқасқан ерліктері туралы сөз қозғады.   

Сталинград шайқасы – Кеңес халқының бұрын-соңды болмаған ерлігі мен табандылығының үлгісі. Тура 200 тәулік кескілескен ұрыстарда жауға берілмеген Сталинград қаласын қорғауға 70 мыңан аса қазақстандықтар қатысыпты. Стратегиялық маңызы бар қаланың түбіндегі қанды шайқас Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ең ірі ұрыс ретінде тарихта қалды. 

​