АтМГУ-де өткен STEAM Fest

8 сәуірде Атырау мұнай және газ университетінің Студенттер сарайында «Шеврон» компаниясы, Атырау облысының әкімдігі және Атырау мұнай және газ университетімен серіктестікте Халықаралық жастар қорымен жүзеге асырылатын «Заңғар» жобасы аясында STEM және өнер фестивалі немесе STEAM Fest өтті. Шараның мақсаты – оқушылар мен студенттердің STEM-білім беруді үйренуге қызығушылықтарын арттыру және оларға өнерді дамытудағы STEM мүмкіндіктерін көрсету. АтМГУ студенттері фестивальға волонтер ретінде қатысты.

STEAM – бұл Science (ғылым), Technology (технологиялар), Engineering (инженерия), Art (өнер) және Math (математика) ағылшын сөздерінің қысқартылған атауы. STEAM Fest Атырау жастарына инженерлік дизайн, бағдарламалау және робототехника негіздерін интерактивті әдістермен оқыту арқылы жастарды STEM бағытымен кеңінен таныстыруға бірегей мүмкіндік береді. Жастар арасында STEM-ді танымалдандыруда ата-аналардың маңызды рөлін ескере отырып, фестиваль олардың уақыттарын қызықты және пайдалы өткізуге шақыратын отбасылық шара түрінде ұйымдастырылды.

Қатысушылардың жасына байланысты STEM және өнер бағыттары бойынша бағдарламалардың демонұсқалары мен шеберлік кластары ұсынылды. Өнер бағыттары оқушылар мен студенттерге нақты ғылымдар саласындағы өз білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.

Шараны ұйымдастырушылар Басқарма төрағасы – ректор А.А. Абишевке университет серіктестік болғаны және шараны ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат тапсырды.

Шара барысында онлайн-сауалнама, сонда-ақ кіру билеттері бойынша жүлделердің ұтыс ойындары жүргізілді.