«Махамбет Өтемісовтің қазақ халқының Тәуелсіздігіне қосқан үлесі» студенттердің ғылыми конференциясы

Ағымдағы жылдың 30 қараша күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы Көшбасшылық Орталығымен бірігіп ұйымдастыруымен Махамбет Өтемісұлына 215 жыл толуына орай «Махамбет Өтемісовтің қазақ халқының Тәуелсіздігіне қосқан үлесі» атты студенттік ғылыми конференциясы өтті.

Конференция «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Нығметов Болат Сырымұлының модераторлығымен өтті. Конференция Бисекенова Алма Түсіпқызының алғы сөзімен ашылды. Ол студенттерге конференция жұмысына қызығушылық танытып, қатысқандары үшін алғысын білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, тарихи тұлғалардың батылдығы мен батырлығы, жетістіктері өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Жастар тарихты білуі керек және мәңгілік есте ұстауы қажет.

Конференция барысында студенттер Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы, оның қазақ халқының тарихындағы рөлі, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлының басшылығымен басталған көтерілістің тарихи маңызы мен себептері туралы баяндама жасады.

Барлық қатысушыларға конференция қатысушыларының дипломдары табыс етілді.