Студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция

Жасампаз мемлекеттің болашағы – білімді ұрпақ. Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда, жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін білім алып, Отан үшін аянбай еңбек ету әркімнің міндеті. Осындай мақсатта Жастар жылы аясында, студенттердің ғылыми ізденушілік талаптарын жетілдіру нысанында үстіміздегі жылдың 15 ақпан күні Атырау мұнай және газ университеті қабырғасында «Технологиялық машина және көлік» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты – талантты жастардың ғылыми зерттеулерге қызығушылығын қалыптастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, ғылыми зерттеу әдістеріне үйрету, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу.

Конференция барысында АтМГУ индустриалды-технологиялық факультетінің студенттері өздерінің ғылыми баяндамаларын оқып, талдады және оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Ал конференция соңында оқылған баяндамаларға қорытынды жасалып, жеңімпаздар марапатталды.