Студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы

20 желтоқсанда Атырау мұнай және газ университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай «Алаш-Орда мұрасы: қазақ халқының ұлттық сана сезімінің символы» атты студенттердің ғылыми-тәжірибелік  конференциясы өтті. Конферецияны «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы мен АтМГУ Көшбасшы орталығы ұйымдастырды. Конференция жұмысына АтМГУ ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор А.Е. Воробьев, Каспий зерттеу институтының бас маманы Хооноре Тчаро, индустриалды-технологиялық факультет деканы, т.ғ.к..профессор Н.А.Шұғаепов қатысты. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Б.С. Нығметов қатысушыларды ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Конференция тақырыбын кеңінен ашатын студенттердің баяндамалары тыңдалып,  шара соңында қатысушыларға Алғыс хаттар тапсырылды.