Студенттік пәндік олимпиада

16 наурыз күні Атырау мұнай және газ университетінде «Экономика, менеджмент және бухгалтерлік есеп» кафедрасының ұйымдастыруымен «Экономикалық теория» пәнінен студенттік пәндік олимпиада өтті.

Пәндік олимпиада 2 айналымнан тұрды, бірінші айналымда университеттегі «Экономикалық теорияны» пәнін оқыған топтар ішінде сынақ өткізу арқылы білімі жоғары студенттер іріктеліп алынып, 3 студенттен тұратын 6 команда жасақталды. Осы командалар олимпиаданың екінші айналымында 3 турдан тұратын жарыста бақ сынасты.

Екінші айналымның бірінші туры «Спринт» деп аталды. Бұл турда әр команда 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап берулері тиіс болатын, тур қорытындысы бойынша ЕжА-16 қ/б студенттерінен құралған «Өрлеу» командасы алға шықты.

«Эрудит» деп аталатын екінші турда командалар 4 түрлі категория бойынша сұрақтарға жауап беріп, дұрыс жауап үшін 10-30 ұпай алуы тиіс. Бұл турдың да қорытындысы бойынша «Өрлеу» командасы алда тұрды.

Екінші турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз 3 команда жарыс жолынан шығып қалды. Олар ЕжА-15 қ/б тобының студенттерінен құралған «Болашақ» командасы, Мт-15 қ/б тобының студенттерінен құралған «Капитал» командасы және Э-15 о/б, Мт-15 о/б топтарының студенттерінен құралған «Ақжол» командасы.

Үшінші тур «Егер де мен..» деп аталды. Бұл турда командалар Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолдарын ұсынған болатын. Ақтық сынға жолдама алаған барлық командалардың ұсынған шаралары әділ қазылар алқасынан оң бағаларын алып жатты. Дегенмен де, бұл сайыс қорытындысы бойынша да «Өрлеу» командасы алда тұрды.

Олимпиада қорытындысы бойынша:

1-орын – «Өрлеу» командасы: Сақанова Арайлым, Фаридова Жанерке, Гайсиева Әсел. ЕжА-16 қ/т.

2-орын – «Альянс» командасы: Зинатдинова Айгерим, Галиуллин Рашид, Хамзин Таир. Э-16 о/б.

3-орын – «Қазына» командасы: Бөлекбаева Индира, Қалиева Ақмарал, Каленова Зарина. ЕжА-17 қ/б