Студент жеңісі – университет жетістігі

Ағымдағы жылы «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде» Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында Республикалық олимпиада өткен болатын. Аталған олимпиадаға Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттері қатысып, жүлделі орындар мен сертификатқа ие болды. Атап айтсақ, 5В071500 – «Теңіз техникасы және технологиялары» мамандығының қазақ бөлімі студенті Ибрашева Айгерім жүлделі І орынға ие болса, 5В071500 – «Теңіз техникасы және технологиялары» мамандығының орыс бөлімі студенті Тойлыбаев Мирас ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ 5В071500 – «Теңіз техникасы және технологиялары» мамандығының студенті Уралбеков Айдар Қазақстан Республикасы жоғары оқу орны студенттері арасындағы «Кемені сақтау үшін күрес бойынша нұсқау» пәні бойынша және ТДСЖХ-78 халықаралық конвенциясының VI/1 ережесі талаптарына және ТДСЖХ Кодексінің А-VI/1 бөліміне (А-VI/1-1, А-VI/1-2, А-VI/1-3, А-VI/1-4) сәйкес «Қауіпсіздікті бастапқы дайындау» бағдарламасы бойынша өткізілген Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ турына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

Студенттерді жеңістерімен құттықтай отырып, болашақтарының жарқын болуын тілейміз!