Студенттер арасында Тұңғыш Президент Жолдауын насихаттау

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мен түсіндіру мақсатында құрылған Атырау қаласындағы ақпараттық топ мүшелері АтМГУ студенттерімен кездесті. Кездесуге қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары-А.Ш.Құсынов, қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі-Р.Л.Жолдиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқарамасының бас маманы-С.С.Сағытжанов, «Жастар таңдауы-Атырау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы-Д.Н.Сейітқалиев, қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі-Б.А.Жаңбырбиев, Атырау облысы бойынша заң кеңесшілер палатасының төрағасы-Н.А.Мубарак қатысып, студент жастармен еркін форматтағы пікірлесті.

Жиын барысында маңызды құжатта міндеттелген тапсырмалардың орындалу барысы туралы облысымыздағы әр сала мамандары жауап берді.Стратегиялық маңызды құжатта көрсетілген міндеттердің орындалу барысы туралы студент жастар да өз пікірлерін білдіріп, келген қонақтарға көкейдегі сұрақтарын қойып, олардың көзқарастарын білді. Студент жастар да өздерінің Қазақстан халқының әл ауқатының жақсаруы бағытында атқаралып жатқан игілікті жұмыстардың жетістіктерін де, соған сәйкес әлі де кемшін қалған тұстарының бар екендігін ортаға салды.

Сонымен бірге алдағы Президент сайлауы үдерісіне қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында «Аманат» азаматтық платформасының жұмысы туралы Атырау облыстық өкілдігінің жетекшісі Дәурен Сейтқалиев ақпарат берді. Атырау облысында құрылған қоғамдық штаб бірнеше ұсыныстардан іріктелініп алынған басты бес бағытты қамтитын тұжырымдамамен студент жастарды таныстырды.