АтМГУ студенттері «Fluor Kazakhstan Inc» инжинирингтік компаниясының атаулы шәкіртақысына ие болды

«Fluor Kazakhstan Inc» компаниясы - өнеркәсіптің мұнай өңдеу, химия және мұнай-химия салаларында жобалау, құрылыс, техникалық қызмет көрсету бағытында қызметтер көрсететін әлемдегі ең ірі американдық инжинирингтік Fluor Corporation корпорацияларының бірі. Бұл компания Каспий құбыр консорциумы, Астанадағы АҚШ елшілігінің құрылысы және Атырау облысы Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында "Теңізшевройл" (SGP\SGI) компаниясы үшін мұнай-газ зауыты сияқты ауқымды жобаларға қатысуымен Қазақстанда кеңінен танымал.Осы компанияның Атырау қаласындағы филиал басшысы Дэвид Хантер 12 қазан күні Атырау мұнай және газ университетінде болып, оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамымен, бөлім басшыларымен және оқудағы жоғары жетістіктері үшін, пікірлесу және іріктеу нәтижесінде "Fluor Kazakhstan Inc" инжинирингтік компаниясының атаулы шәкіртақысына ие болған студенттермен кездесті. 
Кездесу барысында АтМГУ Басқарма төрағасы-ректор А.А.Абишев компанияның университеттің зертханаларын жабдықтауға көрсеткен демеушілік көмектері үшін алғысын білдірді. Сонымен бірге жыл сайын компания АтМГУ-ң үздік деп танылған студенттеріне атаулы шәкіртақы тағайындауымен де ерекшеленгенін атап өтті. Кездесуга қатысқан «Электроэнергетика» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., профессор Владимир Александрович Яшков компания өкілдеріне өз ризашылығын білдіріп, компания мен университеттің ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында өз ұсынысын білдірді.
Компания филиалының басшысы Дэвид Хантер өз сөзінде Атырау мұнай және газ университетінің өзіндік орны бар техникалық жоғары оқу орны және университет студенттерінің білім сапасының жоғары екенін атап өтті. Жыл сайын өздерінің ана тілі, орыс тілімен қатар ағылшын тілін де жетік меңгерген студенттердің де көбейгендігіне тоқталды. Соның нәтижесінде Хабибуллин Амирбек «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2 курс студенті, Томачков Михаил мен Арутюнян Давид «Электроэнергетика» мамандығының 3 курс студенттері "Fluor Kazakhstan Inc" инжинирингтік компаниясының атаулы шәкіртақысына ие болған. Компанияның филиал басшысы Дэвид Хантер өзі 2018-2019 оқу жылына Флюор Казахстан Инк компаниясының шәкіртақы иегері деп танылған студенттерге сертификат табыстады. Дэвид Хантер мырза АтМГУ басшылығы тарапынан түскен ұсыныстарды қуана қабылдайтынын және алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқаруға әзір екенін мәлімдеді
Студенттер атынан Арутюнян Давид компания өкілдеріне алғысын білдірді.