АтМГУ студенттері «Fluor Kazakhstan Inc» компаниясының шәкіртақы иегерлері атанды

2019 жылдың 18 қараша күні «Флюр Казахстан ИНК» компаниясының Атыраудағы филиалының өкілдері университетімізде кездесуде болды. Филиал директоры Дэвид Ханкер мырза мен кадр бойынша координаторы Джаманаева Лаура оқу орнымыздың «Электр энергетикасы» мамандығының 2 студенті Аренова Әлия, Сүлейменова Аида және «Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенті Хабибуллин Әмірбекке аталған компания филиалының 2019-2020 оқу жылына арналған шәкіртақы иегерлерінің сертификаттарын табыстады.

Аталған студенттердің GPA көрсеткіші жоғары деңгейде болып, техникалық пән бойынша электр энергетикасы, механика, физика секілді бағыттарда сұхбаттасудан сәтті өтті.

Кездесу барысында АтМГУ Стратегиялық даму және көшбасшылық жөніндегі проректор Е.Т.Нұрпейсов пен «Автоматтандыру және ақпараттық технология» кафедрасының меңгерушісі Ш.Қ.Қоданова келген қонақтармен еркін әңгілесті. Кездесу соңында студенттеріміз компания басшылығына үлкен алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, бұл компания білікті мамандар даярлауда университетке техникалық көмек көрсетіп келеді. Сондай-ақ компания «Робототехника және мехатроника» пәнін практикалық түрде оқыту үшін «Mehalab» зертханалық стендін сатып алуға демеушілік көмек көрсетті.

Қазіргі уақытта арадағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында университет пен компания арасында қажетті ақпараттармен және мамандармен алмасу көзделуде.