Таза сессия

Студенттік өмірдің ең бір жауапты кезеңі – сессия кезеңі. Біздің міндетіміз емтихандық сессияларды таза да әділ өтуін қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру арқылы студент жастарымызды академиялық адалдыққа  баулу бағытында оқу жылы бойына түрлі шаралар атқарылып келеді. Ал сессия уақытында «Таза сессия!» акциясы ұйымдастырылады.

Мақсаты – «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру және «Академиялық адалдық туралы» ереженің профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, білім алушылар тарапынан орындалуын қадағалау.

2019-2020 оқу жылының қысқы емтихан сессиясын жоғары деңгейде және ережеге сай ұйымдастыру мақсатында АтМГУ Басқарма төрағасы –ректор Г.Шакуликованың арнайы 18.12.2019 ж. №329 бұйрығы шықты. Осы бұйрыққа сәйкес университетте арнайы жұмыс тобы құрылды. Оқу орнының академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ә.О.Көшеков жұмыс тобымен жиналыс өткізіп, «Таза сессия!» акциясының жүру барысын талқылады. Проректор сессияға жіберілген және жіберілмеген студенттер туралы декандардың ақпаратын тыңдап, емтихан сессиясының кестесі, бөлінген аудиториялардың дайындығы, емтихан материалдары қаралып, аудиториядағы кезекшілік пен мониторингтік топтың жұмыстарын, атқаратын қызметін нақты көрсетіп берді. Қысқы сессияның белгіленген стандарттарына сәйкес таза, шынайы, жария түрде әділ өтуі үшін барлық мүмкіндіктер жасақталғанына тоқталды. Сондай-ақ емтиханды аудиторияда қабылдайтын кезекшілердің студенттер тарапынан шпаргалка, ұялы телефон және басқа да көмекші құрылғыларды пайдаланбауын қадағалауды қатаң тапсырды. Аудиториядағы кезекшілер арнайы оқу үрдісіне еш қатысы жоқ бөлімдердің мамандарынан құрылды. Емтиханның білім беру ережелеріне сәйкес өтуін қадағалау мақсатында арнайы мониторингтік топ рейд жүргізеді. Күн сайын проректор Ә.Көшековке емтихан барысында кездескен мәселелер бойынша ақпараттар беріліп отырады. Сессия соңында дәстүрлі "Таза сессия" акциясы барысында сауалнама жүргізіліп, сауалнама қорытындысы туралы ақпарат беріледі. 

Сайып келгенде бұл жұмыстардың бәрі – білім беру сапасын жоғарылату, оның әлемдік стандарттарға сәйкес келуіне және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ету. Осы тұрғыдан  оқу орнында академиялық адалдық ережелерін  қатаң түрде басшылыққа алуда.