«Волонтер Амбассадор» тренері

Биылғы жылы АтМГУ-ң 30-ға жуық студенті ЕХРО-17 халықаралық мамандандырылған көрмесінде еріктілер ретінде жұмыс жасады. Қазан айының 13-14 аралығында Атырау қаласында еріктілерге арналған тренинг өтті.Тренингке Атырау, Орал, Ақтау қалаларынан бірнеше еріктілер жиналды.   Осы тренингке қатысқан «Экономика, бизнес және ақпараттық технологиялар» факультетінің  былтырғы оқу жылындағы студенттік деканы, белсенді студент және қалалық,облыстық еріктілер тобының белсенді мүшесі Таласпаева Жасмин  сертификатталған  «Волонтер Амбассадор» тренері атанды. Бұл шараның алдағы уақытта жалғасы табады, себебі Астана қаласында 5 желтоқсанда еріктілер күніне орай, конкурс өткізгелі жатыр. Аталмыш тренингтен өткендер "Волонтер Амбассадор" тренері атанды, осы арқылы алдағы болатын конкурсқа тапсырманы орындаса, 50% волонтер Амбассадор Астана қаласына шақырту ала алады. Ендеше барлық қатысушыларға сəттілік тілейміз!