ТШО маманы - АтМГУ түлегі дәріс оқыды

2019 жылдың 3 қазан күні "Ынтымақ-Атырау" ұйымының ұйымдастыруымен Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде TШО компаниясының лидеpi, КИПиА маманы, АтМГУ түлегi Жеңіс Бекбасаров "Автоматтандыру және басқару" мамандығының 2-3 курс студенттеріне дәрiс окыды. Дәріс беру кезінде ТШО маманы студенттерге "Автоматтандыру және басқару" мамандығының өзге мамандықтардан ерешелігін, аталған мамандықпен қай салада қандай қызмет атқаруға болатынын, өндірістегі заманауи құрылғылардың автоматтандыру жүйесі және олардың қалай басқарылатынын түсіндіріп, қазіргі жас студенттен болашақта білікті маман қалыптастыруға өзіндік үлесін тигізді. Алдағы уақытта өз мамандығын жетік меңгеріп, жақсы маман иесі болу үшін студенттерге өндірсітік орындарда нені білу керек екенін, қалай тәжірибе жинау керек екендігін айтып, өзінің ой-тәжірибесімен бөлісті.