АтМГУ –да жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді

20-қыркүйек күні университет қабырғасында «Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасы» мен «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында Астананың 20 жылдығына арналған«АСТАНА – БЕЙБІТШІЛІК БЕСІГІ» атты Жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Шара мақсаты: Мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.

Республикалық деңгейдегі өткізіліп жатырған шара маңыздылығы туралы «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі Н.Х.Құлжанова атап өтсе, Атырау облыстық Қоғамдық Кеңес төрағасы, ф-м.ғ.д.,профессор Д.О. Құлжанов қоғамдық келісім мен ел бірлігінің тәуелсіз еліміздегі ролі туралы қысқаша баяндады. АтМГУ Баспасөз орталығының басшысы Ұ.Қ.Қойбақова қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудағы заманауи білімді меңгерген жастардың ел ертеңіндегі алатын орнына тоқтала келе, бүгінгі шараға сәттілік тіледі.
Жалпы сауаттылық пен қоғамдық белсенділікті арттыруға бағытталған бұл шараға университеттің 1 курс студенттері көптеп қатысты. Шара барысында сауаттылықты тексеру үшін бекітілген комиссия құрамы қатысушыларға сәттіліктерін тілегеннен кейін, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ бекіткен мәтін оқылып, соңынан берілген кестеге сәйкес ашық диктанттың нәтижесі бағаланды.