Жастар жылында жастардан күтер үміт көп

2019 жылы 13 ақпан күні Атырау мұнай және газ университетінде АтМГУ Басқарма төрағасы – ректор м.а. Әлібек Оңайбайұлы Көшековтің оқу орнымыздың студенттерімен жастар жылына орай арнайы кездесуі өтті.

Кездесу барысында Ә.О.Көшеков өзінің өмір жолы, студенттік кездері туралы айтып, студенттерге барлық қалаған нәрсенің еңбекпен, оқу-біліммен келетінін түсіндіріп, жастарға елдің болашағы үшін аянбай тер төгулері керектігін тапсырды.

Кездесуге АтМГУ-ң 1-4 курс студенттері қатысып, жиын барысында өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын, шешімін табуды қажет ететін мәселелерді, қажетті ұсыныстарын айтып, АтМГУ Басқарма төрағасы – ректор м.а. Ә.О.Көшеков пен Стратегиялық даму және көшбасшылық жөніндегі проректор Е.Т.Нұрпеисов қойылған сұрақтарға толықтай жауаптарын берді.

Кездесу кезінде оқу орнының студенттері Студенттер сарайын заманауи технологиялармен жабдықталуын, соның ішінде кино клубқа арналған үлкен экран, сондай-ақ студенттік кампуста барлығына ортақ ашық интернет желісін орнатуын, университеттің белсенді студенттеріне ұстаздар тарапынан қолдау көрсетілуін, т.б. ұсыныс-пікірлерін білдірді.