Мерекелік велошеру

14.12.17ж. АтМГУ  студент жастарының ұйымдастыруымен  ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай мерекелік велошеру өтті.  Мерекеге сый ретінде ұйымдастырылған  шарада спортшыларымыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  туы  мен «Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ туын университеттен Атырау әуежайына дейін желбіретіп барды. Әлемді мойындатқан  Тәуелсіз Қазақ елінің көк байрағы  көкте қалықтасын, дүбірлі додаларда жеңіс тұғырында  желбіресін деген ізгі ниетпен ұйымдастырлған шара.