Университетішілік пәндік олимпиада

23 мамырда «Технологиялық машина және көлік» кафедрасының ұйымдастыруымен Атырау мұнай және газ университетінің алғашқы ректоры Т.П. Серіковты еске алу құрметіне арналған «Кеме өміршеңдігі үшін күрес жөніндегі нұсқау» пәні бойынша ІІ университетішілік пәндік олимпиада өтті. Пәндік олимпиадаға ТТжТ-14 қ/б, ТТжТ-15қ/б, ТТжТ-15 о/б топтарынан 40 студент қатысты. Олимпиаданың бірінші бөлігінде келген қонақтар мен қатысушылар академик Т.П. Серіковтің еңбек жолы мен оқу орнының дамуына қосқан үлесі туралы естеліктерімен бөлісті.

Олимпиада 2 турдан тұрды. І-тур – жалпы тест сұрақтары, финалға 18 студент шығып, 5 тапсырмадан тұратын ІІ-турға қатысты.

І-орын – Оралбеков Әнуар ТТжТ-15қ/б;

ІІ-орын – Ыбраш Әйгерім ТТжТ-15қ/б;

ІІ-орын – Толыбаев Мирас ТТжТ-15 о/б.

І-турдың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. ІІ-турдың қорытындысы бойынша медаль тапсырылып, ректордың атынан мақтау қағаздары берілді.

Пәндік олимпиаданың дайындық жұмыстарына белсенді қатысқан студенттерге индустриалды-технологиялық факультеттің деканы Н.Ә. Шұғаепов мақтау қағаздары мен кәдесыйлар тапсырды.