Балаларға арналған мерекелік шырша

Жаңа жыл – балалардың көптен асыға күтетін мейрамдардың бірі. Ал Жаңа жылдық шыршаның жанында сүйікті ертегі кейіпкерлерімен бірге қарсы алатын Аяз Ата мен Ақшақар балақайлар үшін ең керемет кезең десе де болады.

2018 жылы 27 желтоқсан күні Атырау мұнай және газ университеті Студенттер сарайында балаларға арналған Жаңа жылдық шырша өтті. Бүлдіршіндер мерекеге арнайы карнавалдық костюмдермен келіп, аниматорлармен бірге түрлі қызықты ойындар ойнап, жұмбақтар жасырып, бірігіп би билеп, жаңа жылдық әндер айтып, уақытты көтеріңкі мерекелік көңіл күймен қарсы алды. Ал жаңа жыл шыршасының басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар қатысушы балалардың ортаға салған өнерлеріне тәнті болып, оларға  базарлық таратып, шыршаның сәнін келтірді. Мереке өте көңілді және керемет өтті.