Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің ректормен кездесуі

   18.10.17ж. 2017-2018 оқу жылына жаңадан сайланған  студенттік өзін-өзі басқару кеңесі мүшелерінің  «Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы- ректор, э.ғ.д., профессор А.А.Абишевпен  кездесуі өтті. Кездесу барысында ректор студенттік өзін-өзі басқару кеңесі мүшелерін  оқу орнының алдында тұрған міндеттерімен таныстырып өтті. Сонымен бірге университет  ректоры  студенттік президент  Каким Нұролла мен өзге де белсенді  студенттердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.