Еңбек ардагерлері бізде қонақта

2017 жылдың 29 қыркүйегінде Халықаралық қарттар күніне орай Атырау мұнай және газ университетінің студенттері «Нұр Отан» партиясының ардагері, облыстың бас идиологы Қосыбаев Кеңес Темірұлы мен Атырау қаласының Құрметті азаматы, білім саласының ардагері Сәрсенова Нұрзила Сәрсенқызымен кездесті. Құрметті қонақтарды АтМГУ-нің домбырашылары күмбірлеген күймен қарсы алды. Кездесу мақсаты – ардагерлердің жеткен жетістіктері мен алған тәжірибелерінің үлгісінде жастар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу. Ардагерлермен кездесу еркін форматта өтті. Кеңес Темірұлы ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы айрықша маңызды екі процесс – саяси реформа мен экономиканың жаңғыруына қысқаша тоқталды. Нұрзила Сәрсенқызы қазіргі заманда білімнің маңыздылығы мен өмірдің құндылықтарына мысалдар келтіре отырып, өмірден түйгендері туралы баяндады. Студенттер Университет атынан келген қонақтарға кәдесый беріп, гүл шоқтарын сыйлады.