Сайлаушылармен өткен кездесу

«Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы- ректор А.А. Абишев 25.05.18ж. Атырау қаласындағы № 11 орта мектептің ұжымымен кездесті. Кездесуді Атырау қалалық №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры Ш.Б.Имашова ашып, жүргізді. Атырау облыстық мәслихат депутаты А.А.Абишев қазіргі еліміздегі жаңартылған білім мазмұны мен тәрбие мәселесі саласындағы жетістіктер мен кемшіліктер туралы кеңінен тоқталып өтті. Кездесу барысында мектеп ұстаздары өз көкейіндегі сұрақтарын қойды. Ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға облыстық мәслихат депутаты А.А.Абишев жауап беріп, екі жақты пікір алмасқан кездесу сәтті өтті.