Танымал тұлғалармен кездесу кешінің қонағы –Л.М.Монастырская

29.11.17ж. АтМГУ студент жастарының  ҚР мәдениет қайраткері Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның  құрметті журналисі, 1986 республикамыздың журналистер одағы сыйлығының  лауреаты,  2000 жылдың үздік редакторы, еңбек ардагері, өлкеміздің ардагер тілшісі Монастырская Любовь Михаилқызымен кездесуі өтті.  «Танымал тұлғалармен кездесу» айдары аясындағы кеште ардагер өз еңбек жолының қызығы және ерекшелігімен бөлісті. Қиындығы мен жауапкершілігі жоғары мамандық иегерінің өз ортасында озық боп танылуының басты себебі-оқу, іздену және талмай еңбектенумен жеткендігін жастарға үлгі етті. Қонақ студенттердің қойған сұрақтарына өмір деректерінен мысал келтіре отырып жауап берді. Кешті студенттік көркемөнерпаздар ұжымының сазды бағдарламасы жалғастырды.