Жалынды студент жастармен кездесу

Оқу орынымыздағы студенттердің қызығушылықтарын арттыру және жастарға қатысты маңызды мәселелерді шешу, студенттердің әлеуметтік белсенділігін дамыту, студент жастардың қоғамдық қызметін және студенттік бастамаларды қолдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, студенттік өзін-өзі басқарудың бірыңғай құрылымын құру мақсатында Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы, Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында АтМГУ көшбасшы студенттерінің қатысуымен жастар саясаты саласындағы жұмыс жоспарлары таныстырылып, талқыланды. Кездесуден кейін АтМГУ студенттік Президентіне сайлау өтті. Президентке үміткер ретінде Сәрсенбаев Жандос, Бекежанова Айгерім, Шайдуллин Әділбек. Презентацияларын қорғап, басым дауыспен АтМГУ президенті болып Шайдуллин Әділбек тағайындалды.