Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына түсініктеме беру мақсатында кездесу

27 сәуірде Атырау мұнай және газ университетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық қатынастар департаментінің директоры А.Т. Бердалин студенттермен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты - Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына түсінік беру.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық қатынастар департаментінің директоры А.Т.  Бердалин Агенттіктің атқарған жұмысына қысқаша назар аударды. Агенттіктің жұмысының негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес екенін айтты. Ол Атырау облысының ауылдарында болған кездесулер туралы әңгімелеп берді. Ол студенттерге уақытты ұтымды, тиімді, табысты пайдалану керектігін, мақсат қойып және оларға қол жеткізу керектігін айтты. Өз сөзін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға көмектесу - заңдармен өмір сүру!», - деп аяқтады.

Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің этика жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Т.Жұмағұлов сыбайлас жемқорлық қоғамда маңызды мәселе екенін атап өтті. Т.Жұмағұлов сыбайлас жемқорлықты алдын-алу шаралары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне тоқталып, жастарды жемқорлықпен бірге күресуге шақырды. 

Студенттер «Қандай санкциялар қолданылып жатқаны, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны, мемлекеттік қызметке кіруге қойылатын талаптар» сияқты өздерін толғандырған мәселелер төңірегінде сұрақтар қойып, оған жауап алды.