Түлектер жәрмеңкесі-2018

2018 жылдың 20 сәуірінде Атырау мұнай және газ университетінде дәстүрлі «Түлектер жәрмеңкесі -2018» шарасы өтті.

Шара мақсаты – түлектер мен жұмыс берушілер арасындағы байданысты нығайту және түлектердің еңбек нарығында өз мамандықтары бойынша жұмыс орындарын табуына көмектесу.

Дәстүрлі шараға қатысу үшін өңіріміздегі бірнеше компанияларды шақырттық. Ол мұнай-газ саласындағы кампаниялар; банктер; жұмыспен қамту орталығы және т.б.

Оқу орны атынан сөз алған академиялық сұрақтар жөніндегі проректор, ф-м.ғ.д., профессор Д.М.Диарова жұмыс берушілерге біздің түлектер арасынан кампания сұранысын қанағаттандыратын маман иегерлерін табуға, ал университет түлектеріне мамандықтары бойынша өздері қалаған кампания, мекеме, кәсіпорында жұмыс орнын табуға шынайы тілектестігін білдірді.Ең бастысы университет түлектері өмірде өз жолдарын тауып, жоғары деңгейдегі кәсіби мансаптарын құруға тілек білдірді.

Шара барысында факультет декандары, үздік білім көрсеткіштері бар студенттер сөз алды.

Олар өздерінің жетістіктері туралы, презентациялар көрсетті және осындай мүмкіндік жасаған оқу орны басшыларына өз ризашылықтарын білдірді.

Биыл АтМГУ мыңға жуық түлек бітіреді. 24 мамандық бойынша.