«Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының «№1 округ» бастауыш партия ұйымының Саяси кеңес Бюросының отырысы

28.06.148ж. Атырау мұнай және газ университетінде «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының «№1 аймақ» бастауыш партия ұйымының Саяси  кеңес бюро отырысы өтті.  Күн тәртібінде қаралған мәселелер : 1) «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында  атқарылған жұмыстар және  электронды құжат айналымына көшу; 2) АтМГУ-да дуалды  оқыту технологиясын іске асыру бағытында атқарылған жұмыстар; 3) «Ғылым және инновация» жөніндегі қордаланған мәселелер; 4) Университеттегі жастар саясатын жүзеге асыруда атқарылған жұмыстар ақпараты тыңдалды. Күн тәртібіндегі мәселеге орай сөз алған баяндамашылар атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараттарымен жиынға қатысушыларды таныстырды. Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Мысалы: «1 аймақ» БПҰ төраға орынбасары Б.С.Нығметов «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында  атқарылған жұмыстар және  электронды құжат айналымына көшу туралы баяндаған кафедра меңгерушісі Ш.Қ.Қодановадан ІТ кластарын ашу, тұрғындар мен ниет білдірушілерге  дәріс жүргізуге кафедра ПОҚ-ң мүмкіндігі қаншалықты екендігін сұрады.  АтМГУ «Өндірісті автоматтандыру және ақпараттық технологиялар»  кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Ш.Қ.Қоданова: «Егер үйренсем, білсем деген ниет білдірушілер тарапынан ұсыныс, сұраныс болса,  сабақтар өткізуге кафедра ПОҚ-ң біліктілігі де жеткілікті және кафедраның материалды-техникалық базасының толық мүмкіндік бар» екенін атап өтті. Партияның Саяси бюро мүшесі  Е.Т.Нұрпейісов «Ғылым және инновация» жөнінде қордаланған мәселелер туралы баяндама жасаған КҒЗИ-ң директоры А.Ш.Қанбетовтен «Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасының «Туған жер» , «Киелі жерлер географиясы» туралы ғылыми-ізденіс жұмыстары,  студенттердің ғылыми-іздену жұмысына қатысу деңгейі туралы сұрады. Баяндамашы өз кезегінде  алдағы уақытта бұл мәселелер түгел қамтылғандығын, келесі оқу жылында бірнеше үлкен шараларды ұйымдастырып, өткізу жоспарланғанын және тақырыпқа орай КҒЗИ ғалымдарының монографиялары мен студенттердің жұмыстары, БАҚ-да тақырыптық мақала жарияланымын жетілдіру жоспарланғанын атап өтті. Жиынға қатысқан қалалық «Нұр Отан» партиясының Саяси Кеңесінің бюро мүшесі, ардагер С.Қ.Баймұқашев күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталды. Алдағы уақытта партия басшылығының жауапкершілігін арттыру бағытында жасалатын жұмыстарға тоқталды. Саяси Бюро кеңесінің отырысы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе қаулы қабылдады.