Еселі еңбектің жемісі

2018 жылдың 28 желтоқсан күні Атырау мұнай және газ университетінің кезекті Ғылыми кеңесінің отырысы өтті.

Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы, Ғылыми кеңес төрағасы Ә.О.Көшеков Ә.Ә. Әбішевтің өз өтінішімен АтМГУ Басқарма төрағасы-ректор міндетінен босатылғаны туралы ҚР БҒМ-ң бұйрығымен таныстырды. Ғылыми кеңеске қатысқан Атырау облысы әкімінің міндетін атқарушы С.Ж.Шәпкенов Атырау облысы әкімі Н.А.Ноғаевтың атынан Алғыс хат табыстады. Сондай-ақ Ғылыми Кеңеске қатысқан Атырау облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы –М.С.Өтешов; Атырау облыстық мәслихат хатшысы- Ө.З.Зинуллин; Х.Досмұхамедов ат. АтМУ ректоры, х.ғ.д., профессор -А.А.Тәлтенов; АИГИ ректоры, ф-м.ғ.д., профессор - Е.У.Ихсанов қатысып, Ә.Ә.Әбішевке жылы сөздерін арнап, Әлібек Оңайбайұлын Атырау мұнай және газ университеті Басқарма төрағасы-ректоры міндетін атқарушы қызметіне тағайындалуымен шын жүректен құттықтады.

Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Көшеков Әлібек Оңайбайұлы Абишев Али Ажимұлына арналған АтМГУ ұжымы атынан алғыс хат пен сыйлық табыс еткен соң, «Экономика, бизнес және ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы А.А.Жалғасбаева, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Е.Қ.Төлегенов және 4-курс студенті С.Базарбек те өз тілектерін білдірді. Али Ажимұлының осы уақытқа дейін жасаған еселі еңбегі, жемісті қызметі жайында айтылып, ең алдымен бұрынғы институт атағынан АтМГУ мәртебесіне ауысуына сіңірген жұмысы, университетіміздегі дуалды білім беру жүйесінің жұмыс жасауына, сондай-ақ оқу орнын жаңашаландыруға, АтМГУ студенттік кампусында құрылысы қарқынды жүріп жатқан «Н.Ө.Балғымбаев атындағы мұнай-газ саласы коммуникациялық даму орталығынының» салынуына және тағы да басқа көптеген жетістіктердің бастауы болғаны жайында баяндалды.

Сонымен бірге Ғылыми кеңесте ұжымның бір топ мүшелерін, оның ішінде өлкетанушы, АтМГУ музейінің жетекші қызметкері, АтМГУ профессоры В.К.Афанасьевтің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Құрмет» орденін; т.ғ.к., профессор Қ.И.Мұхамбетқалиевке Халықаралық ақпараттану академиясының медалін; Стратегиялық даму және көшбасшылық жөніндегі проректор, т.ғ.к. Е.Т.Нурпеисовке Халықаралық ақпараттану академиясының академигі куәлігін; сонымен бірге Дуалды оқыту факультетінің деканы, т.ғ.к. Ж.Қ.Жантуринге Халықаралық ақпараттану академиясының корреспондент-мүшесі куәлігін табыстады.