Мини футболдан АтМГУ «Студенттік лига» чемпионаты ойындары аяқталды.

Чемпионатқа университеттің барлық факультеттерінен 18 команда қатысты. Әр команда бір-бірімен ойнап шықты. Чемпионатпен қатар АтМГУ Кубогының ойыны өтті. «Студенттік лига» 2017 жылдың 7 қарашасында басталып, 2018 жылдың 7 сәуірінде өз мәресіне жетті. «Студенттік лига» біріншілігінің қорытындысы:

1-орын – «АтМГУ жастары» командасы;

2-орын – «Дамба» командасы;

3-орын – «Оқжетпес» командасы.

АтМГУ Кубогын «Оқжетпес» командасы жеңіп алды. Командалар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен, номинациялар бойынша үздік ойыншылар кәдесыйлармен марапатталды:

Үздік қорғаушы – Жұмахметоа Әлішер;

Үздік қақпашы – Есенгенжин Файзолла;

Техникалық ойыншы – Жұмахмет Ажмұхан;

Үздік шабуылшы – Төкенов Арман;

Бомбардир – Бисембайұлы Рамазан (қақпаға 49 рет гол соққан);

Үздік ойыншы – Қуатов Диаc.