Оқушылардың қызықты саяхаты

Жазғы демалыс қарсаңында, яғни 24 мамырда Атырау мұнай және газ университеті Америкалық мектептің оқушыларына Геологиялық мұражайға саяхат ұйымдастырды. Олар мұражай жәдігерлерімен танысып, пайдалы кендердің түрлерін көздерімен көрді. Оқушылар минералды тастардың әдемілігіне қызығып, сұрақтар қойды. Мұнайлы астананың оқушыларына Геологиялық мұражайдың жәдігерлері ерекші әсер етті.