ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫНЫҢ ӨТКЕНІ, БҮГІНІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫН ТАЛҚЫЛАҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2019 жылдың 1 қыркүйек күні Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ универистетінде Қазақ мұнайының 120 жылдығына арналған  «ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫ: ӨТКЕНІ, БҮГІНІ ЖӘНЕ  БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.  Аталған халықаралық конференцияны ТШО компаниясы, «Ембімұнайгаз» АҚ-ң демеушілігімен Атырау мұнай және газ университетінің ұжымы жоғары деңгейде ұйымдастырды.

Конференция модераторы- «KAZENERGY» Ассоциациясының төраға орынбасары, «С.Өтебаев атындағы АтМГУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Ұ.С.Қарабалин. Атырау мұнай және газ университеті ұйымдастыруымен өтетін аталған конференция жұмысына Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті, Альментьев мұнай институты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қалмақ мемлекеттік университетінің ғалымдары, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің ғылыми ұйымдарының өкілдері, Атырау облысының әкімі, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Энергетика министрлігінің өкілдері, Атырау облысының мұнай компанияларының, экологиялық ұйымдардың өкілдері, қаланың жоғары және орта оқу орындарының басшылары қатысты.

Конференцияның басында «KAZENERGY» Ассоциациясының төраға орынбасары, «С.Өтебаев атындағы АтМГУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Ұ.С.Қарабалин АтМГУ-ң бір топ ПОҚ-н мұнай-газ саласына кәсіби мамандар даярлаудағы еңбектері үшін «Қазақстан мұнайының 120 жылдық медалімен» марапаттады. Атап айтқанда: Көшеков Алибек Оңайбаұлы,  Қарамұрзиев Текей Қарамырзұлы, Құлжанов Дүйсембек Орынғалиұлы, Яшков Владимир Александрович,  Нұрпеисов Ербол Темірғалиұлы.

Әрине қазақстан мұнайының тарихы Ембідегі Қарашүңгіл кенорнынан бастау алатынын және күні бүгінге дейін шікізат өндіріліп отырғанын бар қазақ біледі.«Ембімұнайгаз» АҚ-ң Басқарма төрағасы Жақсыбеков Әнуар Еркінұлы «Мұнайлы Ембі – кеше, бүгін және келешегі» тақырыбында мұнай тарихына кеңінен тоқталды. Ал «KAZENERGY» Ассоциациясының төраға орынбасары, «С.Өтебаев атындағы АтМГУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Ұ.С.Қарабалин өзінің баяндамасында әлемдік нарықтағы көмірсутек шикізатына деген сұраныстың жоғары екенін атап өтті. Біздің еліміз мұнай шикізатын өндіруден әлем бойынша 5 орында тұрғанын және экспорттаудан алғашқы ондықтың құрамында екеніне тоқталды. Сонымен бірге қазіргі таңда мұнайхимиясына көп көңіл бөлуді тапсырды. «KAZENERGY» Ассоциациясы Басқарма төрағасының кеңесшісі Сатимов Арман Нурланұлы «Қазақстан 2050 болашақ энергетикасының келешегі: мұнай-газ саласының мәселелері» тақырыбындағы баяндамасында Қазақстандағы мұнай саласының қайта жаңғырудан өтіп жатқанын атап өтті. Енді мұнайхимиясының заманы келгенін атап өтті. «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор м.а. Көшеков Әлібек Оңайбайұлы «Қазақ мұнайына – 120 жыл» атты баяндамасында мұнай тарихы және осы салаға мұнайшы мамандарды даярлап отырған коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде республикамызда алғашқылардың бірі болып қайта құрылған Атырау мұнай және газ университетінің ролі туралы конференцияға қатысушыларды   таныстырды.

Конференция соңында, бүгінгі айтулы мереке күні мұнайгаз саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір  топ әріптестеріміз Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі атынан «Мұнай-газ кешені дамуына қосқан еңбегі үшін» және «120 жылдық мерекелік медальмен» марапатталды.

Пленарлық мәжіліс 4 секциядан тұрады:  

1-секция. «Мұнай және газ кен орындарын барлау, бұрғылау және игерудің инновациялық технологиялары» (акт залы). Секция жетекшісі: т.ғ.д., профессор Ахметов Нұркен Мақсотұлы.

2-секция. «Көмірсутектерді тасымалдау және өңдеу технологияларының жай-күйі мен даму жолдарын бағалау». (Н.К.Надиров атындағы үлкен химиялық аудитория). Секция жетекшісі: х.ғ.д., профессор Сағынаев Аманжан Төремұратұлы.

3-секция. «Мұнай-газ саласының экологиялық мәселелері және оларды шешу» (М.Д.Диаров атындағы үлкен экологиялық аудитория). Секция жетекшісі т.ғ.д., профессор Кенжеғалиев Әкімғали Кенжеғалиұлы.

4-секция. «Білім, ғылым және өндіріс интеграциясының болашағы» (Т.Н.Жұмағалиев атындағы үлкен геологиялық аудитория). Секция жетекшісі: э.ғ.д., профессор Баймұхашева Мәншүк Қонысбайқызы.