Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің атағы тағы да асқақтады. Университетіміздің студенттері өздерін тек білім жағынан алғыр екендіктерін ғана емес, сонымен қатар спорт саласында да талайды сұлатқан жеңімпаздар екенін дәлелдеді. Оның мысалы ретінде Мұнай-газ факультеті «Геология және барлау» 16 қ/т мамандығының студенті Нұрлыбаев Жеңісті айта аламыз.
Ол БАӘ-нің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды! Әлемнің 60 елінен 800-ден аса спортшы қатысқан чемпионатта алдымен Алжир, екінші Колумбия, үшінші Швеция және төртінші файтинг бөлімі бойынша 56 кг салмақ дәрежесінде 2016 жылғы Әлем чемпионы, қазақстандық Қабденов Елдоспен бел күрестірді. Нәтижесінде Нұрлыбаев Жеңіс финалда бал бойынша қалыс қалып, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Студентімізді шын жүректен құттықтаймыз! Қашан да биіктерден көрінуге тілектеспіз!