Құттықтаймыз!

«Ердің асылы күшінен білінеді» дейді ата-бабамыз. Қара нардай күші бар, елдің намысын қорғап, абыройын айға асқақтатқан батыр жігіттеріміздің саны күн өткен сайын еселеніп, арта түсуде. Олардың бәрі де спортқа деген құлшынысының, асқан еңбекқорлығының арқасында айтулы жеңістерді иеленіп, қанжығасына байлап жүргенін естіп жүрміз, көріп жүрміз.

Солардың бірі, әрі бірегейі – екі дүркін әлем чемпионы, Атырау мұнай және газ университетінің МГІ факультетінде білім алған Тыныс Бисалиев.

АтМГУ түлегі Тыныс Жақсылықұлы Алматы қаласында Қазақ спорт және туризм академиясы және «Спорт жұлдыздары» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен өткен Республикалық байқау кезінде джиу-джитсу мен греплинг спорт түрінен қатысып, 500 спортшы арасынан «Үздік спортшы – 2018» атағына ие болды.

Тыныс Жақсылықұлын АтМГУ Басқарма төрағасы-ректорының міндетін атқарушы Әлібек Оңайбайұлы Көшеков қабылдап, ұжым атынан алғыс білдіріп, жеңісімен құттықтады! Қанатыңыз талмай, еңбегіңіз жанып, өңіріміздің, сондай-ақ бүкіл Қазақстанның атын әлемге әйгілейтін жұлдызы жанған азамат болуыңызға тілектестігімізді білдіреміз. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» дегендей, әрқашан елдің абыройын биікке шырқап, сізден үлгі алып, қасиетті Қазақ елінің туын шыңға көтерер жастарымыздың бастауы болыңыз!