«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты»

Атырау мұнай және газ университетінде 29.11.17ж. сағат 10.00-де  университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты»  шарасы өтті. Шара мақсаты-2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша және мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ортақ саясаттың маңыздылығын ұғындыру.

         Республикалық деңгейде өтіп жатқан маңызды шараны АтМГУ ұжымы Студенттер сарайында мемлекеттік гимн орындауымен бастады. Шара барысында алғашқы болып сөз алған Атырау облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы- әдеп жөніндегі кеңес төрағасы-Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы республикамыздағы тақырыпқа орай атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.Бүгінгі ұйымдастырылған шараның маңыздылығын атап өтті және жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтарға жауап беруге дайын екендігін де атады.

         «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.Қ.Қажиақпарова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-әр азаматтың міндеті» тақырыбында ой қозғап,  АтМГУ-ғы студент жастар арасындағы жүргізіліп отырған түсіндіру жұмыстарын атады.

         АтМГУ «Көшбасшы» орталығының жетекшісі А.Х.Имандосов «Коррупция как явление современной действительности» тақырыбындағы баяндамасында қоғамда кең етек алып отырған жемқорлықтың ел экономикасына әкелген зиянын сандар дерегімен келтірді. Сонымен бірге осы шараға қатысушы әр студент жастың бойында жемқорлықтың қандай да болмасын фактілеріне мүлдем төзбеушілік дағдыны қалыптастыру маңыздылығына тоқталды.

         АтМГУ жастары атынан сөз алған АжБ-17 қ/т студенті Ұ.Қадырбаева қазіргі жастар бойында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында ой қозғады. 

         АтМГУ Басқарма төрағасы-ректор А.А.Абишев өз сөзін ежелгі Рим империясының ыдырау тарихынан мысал келтіре отырып,  қазіргі жастарға яғни,  ертеңгі ел болашағы жастарға ерекше көңіл бөлді. Президент Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсеткендей қазіргі студент жастардың бойында «қазақстандық патриотизмді» дамытуда профессорлық-оқытушылар құрамының атқарар ролінің маңыздылығын жеткізді. Қазақтай дана халықтың өнегеге толы салт-дәстүрінен тәлім-тәрбие алған жастарымыздың  қолы  адал, жүрегі таза,  білімі терең, ойы жүйрік, санасы мықты болу қажеттігін ескертті. Сонда ғана  бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейде дамыған кезеңінде рухани дамыған адам ғана  сыннан сүрінбей өтерін нақты дәлелдермен келтірді. Өз сөзінде А.А.Абишев сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында оқу орнында атқарылып отырған жұмыстарға тоқталды. Және осы күресте студент жастардың да бірге атсалысуын сұрады.