2015-2019 жылдар аралығында Атырау облысында «Заңғар-Шеврон» корпорациясы, Атырау облысының әкімдігі және Халықаралық жастар қорымен бірлестікте Атырау жастарын дамытуға бағытталған «Табысқа жетелейтін төлқұжат» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бағдарлама 14-24 жас аралығындағы жастарға бағытталған және олардың білім алу, кәсіби дайындықтан өту, жұмысқа тұруға дайындалу, сондай-ақ жұмыс орнында жетістікке жетудегі сенімділікке қол жеткізу сияқты бірқатар дағдыларды дарытады. Бүгінгі таңда бағдарламаны оқытудан әлемнің 28 мемлекетінен 73 000-нан, Атырау обылысынан 4800-ден астам жастар өтті. Бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті оқу орындарынан 142-ден астам тренерлер, коучтер т.б мамандар арнайы оқытылды. Әр оқу орнында 20-25 қатысушыдан құралған топпен жұмыс істеуге арналған тренерлердін маңызы зор. Бұл нағыз ұжымдық оқыту үдерісі болды. Осылайша бағдарлама Атырау мұнай және газ университетінде 2016 жылдан бастап жүзеге асты. Оқу орнынан Айманова Гулмира, Күренбаева Гүлімай, Рахимова Гулмира жобаны қазақ тілінде жүзеге асыруға арнайы тренерлікке оқытылды. Төрт жылға жалғасқан бағдарламаны меңгеріп, оны университетіміздің 200-ге жуық студент жастардың бойына дарыта білді. Тренерлер Халықаралық жастар қоры «Табысқа жетелейтін төлқұжат» өмірлік дағдылары саласындағы ресми тренер ретінде серификатқа ие болды. 3 жыл бойғы еңбекті бағалап, тренерлерге қолдау болған «Шеврон» корпорациясы, Атырау облысының әкімдігі, Халықаралық жастар қоры және Инфо-Центр орталығына алғысымыз шексіз!