Елімізде жол қозғалысы ережелерін бұзушылық және жол-көлік оқиғаларының саны жыл сайын артуда. ЖКО-ң басым бөлігі көлікті мас күйінде жүргізу салдарынан болып жатады.
Атырау қаласының еріктілері қоғамның дәл осы өзекті мәселесін алдын алу мақсатында «Көлік тізгінінде ішімдік ішпеймін» атты акциясын ұйымдастырды. Атырау мұнай және газ университетінің студенттері атаулы акция шарасына белсенді түрде қатынасты. Біздің студентіміз Юсупов Қуаныш әрбір адамға мас күйінде көлік жүргізу қаупі туралы айту өзінің азаматтық борышы деп санайды. Қуаныш жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып, мас жүргізушілердің кінәсінен жиі болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға болады деп санайды. Біздің студенттеріміздің әлеуметтік мәселелерге деген алаңдаушылығы, олардың қоғам мүддесі үшін әрекет етіп, қоғамдық өмірге белсене араласатыны бізді өте қатты қуантады.
Акцияның мақсаты – жол қозғалысы ережелерін сақтауды насихаттау және жүргізушілер мен жолаушыларды көлікті мас күйінде жүргізу кезіндегі қауіпсіздік туралы хабардар ету. Акция қатысушылары Азаттық және Абай көшелерінің қиылысында жиналып, ақпараттық материалдар таратып, әр жүргізушіге көлік тізгініне мас күйінде отыру олардың денсаулығы мен өміріне үлкен зиянын тигізетінін түсіндірді. Өз кезегінде көлік жүргізушілері жастарды қолдап, осындай шараларды өткізулерін өте дұрыс шешім деп қабылдады.