Атырау мұнай және газ университетінде Италия кабинеті ашылды

Атырау мұнай және газ университетінде Италия кабинеті ашылды 15.11.2017, 22:39 71 Бейне Материалды бағалаңыз 12345(1 Vote) Кілт сөздер Атырау мұнай және газ университеті Италия кабинеті итальян елші Атырау облысы Атыраудағы Италия кабинетінің ашылуына осы елдің Қазақстандағы елшісі және Турин техникалық университетінің оқытушылары қатысты. Аталған оқу орны Атырау мұнай және газ университетімен ұзақ жылдар бойы әріптестік байланыста болатын. Екіжақты келісім негізінде мұнайлы өңір студенттері Италияда білімдерін шыңдап жүр. Стефано Раваньян, Италияның Қазақстандағы елшісі: – Екіжақты келісім жоғары деңгейде жүзеге асып жатыр.  Атырау мұнай және газ университетімен тығыз байланысымыздың арқасында 2 жылдан бері мұнда итальян тілі оқытыла бастады. Оған кез келген студент қатыса алады. Бұл оларға әрі келешекте Италияда білімін тереңдетуге мүмкіндік береді.   Екі ел оқу орындары арасындағы байланыс жастардың жан-жақты білім алуына мүмкіндік береді. Қазақстан жастары Италияның білім нарығына жолдама алса, ол жақтан келген жастар біздің елдегі кен алаңдарындағы озық технологияның қыр-сырын меңгереді. Александр Воробьев, Атырау мұнай және газ университетінің проректоры: – Италия – біз үшін ұлы суретшілер мен сәулетшілердің отаны ғана емес, сондай-ақ осы заманғы озық технологиялардың үлкен мектебі қалыптасқан ел. Мұнда әсіресе инженерлік мектептердің рөлі зор. Сондықтан құрметті елшімен біздің студенттерді де сол бай тәжірибемен танысуға мүмкіндік жасау туралы келісімге келдік.  Қазақстан мен Италия арасындағы достық байланыс жастардың алаңсыз білім алуына оң ықпал етуі тиіс. «Екі ел арасындағы білім, ғылым саласындағы  жобалар заңды жалғасын табу үшін бар мүмкіндік жасалады», – деді итальяндық меймандар. Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/206400-atyrau-m-naj-zh-ne-gaz-universitetinde-italiya-kabineti-ashyldy#itemVideoAnchor
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz