Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.02.2019 жылғы №64 қаулысымен Атырау мұнай және газ университетіне қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби мұнайшы-инженер, еліміздегі мұнай индустриясын ұйымдастырушылардың бірі, КСРО Құрметті мұнайшысы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері Сафи Өтебаев есімінің берілуімен университет ұжымын шын жүректен құттықтаймыз! Университетіміздің алда талай жетістіктерге жетіп, одан әрі дамуы мен өркендеуіне тілектеспіз. Университеттің барша ұжымы қазақ мұнайының абызы атанған Сафи Өтебаев есіміне лайықты қызмет атқаруға бар күш-жігерін салуға қашан да дайын!