Білім беруді ақпараттандыру әлемнің барлық дамыған елдерінің неғұрлым басым ғылыми-техникалық бағдарламаларының құрамына енгізілді.
Қазіргі заман талабына сай қашықтан білім беруді жетілдіру бойынша «Жоғары білім беруде қашықтан оқыту технологиясы» тақырыбындағы профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткен семинар-тренинг өз жұмысын аяқтады. Аталған семинар-тренинге қатысқан университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы білім нәтижесін растайтын сертификаттарын алды.
Курстан білімін жетілдірген жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы әдістемелік дайындығын жетілдіріп, қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруға дайындықты қалыптастыруды қамтамасыз етеді деген сенімдеміз.