Foundation

«Foundation» оқу-білім беру бағдарламасының басшысы
Гилымов Алпамыс Хасанұлы
Телефон: 8 (7122) 36-62-08, 8 (701) 353 09 63

e-mail[email protected]


«Foundation» оқу-білім беру бағдарламасы

  • «Foundation» оқу-білім беру бағдарламасы  (бұдан әрі – ОББ) «Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ-ның құрылымдық бөлімшесі ретінде Университет ректорының тікелей басшылығымен жүзеге асады.   
  • ОББ-нің орналасқан орны: Атырау қ., Баймұханов көшесі 45а, №9 оқу ғимараты.
  • ОББ мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген білім беру қызметтерін көрсету, жұмысшы жастарды, 10-11 сынып оқушыларын, колледж студенттерін Ұлттық бірыңғай тестілеуге, талапкерлерді Кешендік тест тапсыруға  дайындау.
  • ОББ-сы жоғары оқу орнына түсу үшін қажетті білімді тереңдету (Ұлттық бірыңғай тест пен Кешендік тест тапсыру), оқушылар мен жастардың жалпы білім беру дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асады.
  • ОББ Қазақстан Республикасының тұрғылықты 10-11 сынып оқушыларын, жұмысшы жастарын және колледж студенттерін немесе босқын мәртебесі бар азаматтарды, Қазақстан  және ТМД, сондай-ақ шетел азаматтарын қабылдайды
  • ОББ-да оқу үшін келесі құжаттар қабылданады:
  • басшының атына бекітілген үлгідегі өтініш;
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • 3 х 4 сурет– 2 дана;
  • рентгенофлюрография;
  • оқу орнынан анықтама.

ОББ-ның педагогикалық жұмыстарына Атырау мұнай және газ университетінің, сонымен қатар тиісті біліктілігі бар оқытушылар тартылады.

ОББ-ның оқушылары Университет студенттерімен тең құқықта оқу ғимараттарын, кітапханалар мен қызмет көрсетудің басқа да түрлерін пайдаланады.

  1. Оқу ұзақтығы 8 айға дейін.
  2. ОББ-ның негізгі мақсаттары:
  3. Мектеп бағдарламасының пәндерін терең оқыту;
  4. Түлектерді Ұлттық бірыңғай тест пен Кешендік тест тапсыруға, оқушыларды, жұмыс жасайтын жастарды және колледж студенттерін жоғары оқу орнына түсуге пәндер бойынша дайындау;
  5. Оқушылардың, жұмыс жасайтын жастардың және колледж студенттерінің мамандық таңдауларына көмек көрсету;  
  6. Атырау облысы мен қалалық білім беру мекемелерімен ынтымақтастық жасау;  
  7. 10-11сынып оқушыларын, жұмысшы жастарды және колледж студенттерін кесте бойынша сенбі және жексенбі күндері оқытады; 
  8. Оқыту екі тілде жүргізіледі: мемлекеттік және орыс тілінде. 
  9. Оқу жылы 1 қазаннан басталады.