Осы Ережеге сәйкес АтМГУ-да күндізгі оқу бөлімі студенттеріне келесідей жеңілдік категориялары бекітіледі:
- І категория – ата-ананың қамқорлығынсыз қалған немесе тұл жетім студенттерге бүкіл оқу кезеңіне 100% көлемінде жеңілдік беріледі;
- ІІ категория – медициналық-сараптамалық қорытындысы бар студенттерге (жастайынан мүгедектерге, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектеріне) 30% көлемінде жеңілдік беріледі
- ІІІ категория –– І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедек ата-аналары бар студенттерге 20% көлемінде жеңілдік беріледі.
- ІV категория – АтМГУ-дың штаттық қызметкері болып табылатын студенттерге, сондай-ақ АтМГУ қызметкерінің жақын туыстарына (бірге тұрып жатқан балалары, жолдасы/зайыбы) 15% көлемінде жеңілдік беріледі. Университетпен еңбек қатынасы тоқтатылған жағдайда жеңілдіктің күші жойылады;
- V категория – ата-аналарының біреуін жоғалтқан студенттерге және жалғыз басты аналарға 15% көлемінде жеңілдік беріледі;
- VІ категория – Атырау мұнай және газ университетіне түсетін және ақылы негізде оқып жатқан студенттер-спортшыларға: спорт түрлері бойынша Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, Азия ойындарының, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне 50% көлемінде жеңілдік беріледі;
- VІІ категория – Атырау мұнай және газ университетінде қала мектептері арасында ұйымдастырылған пәндік Олимпиада жүлдегерлеріне: І орын – университеттік грант (100%), ІІ орын – 30% , ІІІ орын – 15% жеңілдік беріледі.
- Ерекше жағдайда жоғарыда көрсетілген категориялардан басқа жеңілдіктер мен оқу ақысына жасалатын жеңілдіктер мөлшері Ғылыми Кеңес шешімімен беріледі.
Жеңілдік алу үшін студент келесідей құжаттар ұсынады:
- АтМГУ ректоры атына өтініш (студенттің толық аты-жөнін, тобын, тұрғылықты мекен-жайын, әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ қосымша мәліметтерін көрсету керек);
- студенттің жеке куәлігінің нотариуспен расталған көшірмесі;
- ата-анасының (немесе әкесінің) қазасы туралы куәліктің нотариуспен расталған көшермесі;
- студенттің және ата-анасының мүгедектігін растайтын анықтама;
- жалғыз басты ана екендігін дәлелдейтін анықтама(№ 4 нысан):
- отбасы құрамы туралы анықтама;
- атқарушы органнан (әкімшіліктен) студенттің қамқорлыққа алынғандығы туралы анықтама;
- сынақ кітапшасының немесе транскрип көшірмесі;
- жұмыс орнынан анықтама (АтМГУ қызметкерлері үшін), АтМГУ-да оқитын баланың туу туралы куәлігі (АтМГУ қызметкерлерінің балалары үшін), неке туралы куәлік (АтМУ қызметкерлерінің жолдасы/зайыбы үшін).
Барлық жеңілдіктер барлық категориялар бойынша оқу жылында 1 рет беріледі.
Студенттер қажетті құжаттарды барлық категориялар бойынша 1-қазанға дейін ұсынады.1-қазаннан кейін жеңілдіктер алуға құжаттар қабылдау тоқтатылады.
Комиссия қарауына студенттік құжаттардың көшірмесімен бірге түпнұсқасы да ұсынылады.
Білім алушы бірнеше категория бойынша жеңілдіктер алуға құқылы болған жағдайда максималды мөлшер бойынша жеңілдіктердің біреуі ғана беріледі.
Негізі: Ғылыми Кеңестің шешімі, 2017 жылдың 27сәуіріндегі №9 хаттама