Шетелдік студенттер
Көшi-қонды қолдау, оқу процесін бақылау, нострификацияға қажетті құжаттарды дайындауда көмек және қолдау.
Тану және нострификациялау процедурасы үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
2. Білімі туралы мағлұмат беретін (түпнұсқаға) қосымша құжат: оқыған пәндері мен өткен практикаларының сағаттық көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және дипломдық жұмыстар, оқу процесінің басқа да компоненттері туралы мағлұматтар;
3.Білімі туралы құжаттың (түпнұсқа) және қосымша қүжаттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы. Аударманы куәландыру Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады немесе сол құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының елшіліктеринде (2 дана) жүзеге асырылады;
4. Төл құжаттың нотариалды куәландырылған және мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылган көшірмесі (2 дана);
5. Оқу орнының мөрімен куәландырылған негізгі орта, жалпы орта білімі туралы мемлекеттік қүжаттарды қоспағанда, білімі туралы құжат (диплом)берген оқу орнының лицензиясы немесе білім беру ұйымын аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі (қажет болған жағдайда мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аударма);
6. Білім беру ұйымдарынан алынган 1 және 2 тармақ бойынша көрсетілген құжаттар апостильденген болуы керек немесе заңдастырылуы қажет (немесе оқу орнының мұрағатынан алынған анықтама);
7. Төлем туралы түбіртек;
8. Биндер (пластик);
9. Атырау облысындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалына хабарласыңыз.