Серіктестер

«Ембімұнайгаз» АҚ

         Құрамында 4 мұнай-газ өндіру басқармасы мен 2 құрылымдық мекемесі бар. Олар: «Доссормұнайгаз» МГӨБ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ және «Ембімұнайэнерго» мен «ӨТҚКжЖК» басқармалары. Акционерлік қоғамда 5525-тей (01.01.2015ж.) адам жұмыс істейді. «Ембімұнайгаз» АҚ балансында 41 мұнай-газ кен орындары бар, олардың 33 кен алаңында өнім өндіруде. Компания тұрақты мұнай өсімін қамтамасыз етеді. «Ембімұнайгаз» АҚ «Ембімұнайгаз» АҚ дамуының жаңа көкжиегі» атты дамудың келекшекке арналған жоспарын әзірледі. Жоспарға сәйкес мұнай алу коэффициенті мен ұңғымалар жұмысының жөндеуаралық кезеңін ұлғайту бойынша шараларды, мұнай өндіру саласында инновациялық технологияларды енгізу, терең ұңғымаларды геологиялық барлау бұрғылау (барлау тереңдігі – 7000 метр) жоспарлануда.

     Келешекке арналған жоспарда салалық Ғылыми зерттеу институтының мамандары мен жетекші сервистік компанияларды тарту қарастырылған («Weatherford», «Schlumberger» компаниялары, «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС, «Алстрон» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ инженерлік орталықтың филиалы).                                                                    

     

 «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС

    Қазақстан Республикасындағы мұнай өңдеу зауыттарының ішіндегі алғашқысы және бірегейі.  Зауыт Гурьев (Атырау) қаласында 1945 жылы мұнайды отындық бағытта өңдеу мақсатында салынды.

Қазіргі кезде зауыттың құрамына төмендегі қондырғылар кіреді:

  • мұнайды тұңғыш өңдеудің ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысы;
  • мұнайды тұңғыш өңдеудің вакуумдық блогы бар ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысы;
  • шикізатты гидротазалаудан өткізе отырып катализдік риформингтеудің ЛГ-35-11/300-95-420 қондырғысы;
  • гидронды баяу кокстау қондырғысы;
  • мұнай коксын әбден қыздыру қондырғысы;
  • факельді қондырғы;
  •  тауа-шикізат паркі.

Қазіргі уақытта Атырау мұнай өңдеу зауыты 4,5 млн тонна мұнай өңдеуге қауқарлы және  мұнай өнімдерінің 21 түрін өндіреді.

    «Жігермұнайсервис» ЖШС

     «Жігермұнайсервис» ЖШС металл кескіш, ұсталық және дәнекерлеу жабдықтары, жеке меншік оттекті-өндіруші станциясы, сондай-ақ өндірісті одан әрі дамытуға арналған ашық бос алаңдары бар қуатты өндірістік әлеуетке ие. 

Жолға қойылған технологиялық үдеріс, білікті мамандар мен заманауи жабдықтардың болуы кәсіпорынға келесі істерді жүзеге асыруға мүмкіндіктер береді:

  • рентген мен бұзбай бақылау әдісін қолданып, БКҚ дәнекерленген қосылыстар мен құралдардың,  бұрғылау және мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының дефектоскопиясы;
  •  МеМСТ 633-80 бойынша «Д» орындауындағы «Б» маркалы сорғы-компрессорлық құбыр дайындау;
  •  бұрқақты аппаратты, атындыға қарсы бұрғылау жабдығын сынау;
  •  металдар мен материалдарды үзілуге, сығылуға, иілуге және жайылуға механикалық сынақтан өткізу.