2018 жылдың 18 қазан күні Атырау мұнай және газ университеті базасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының университет профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттерімен кездесуі өтті.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абдиров Нұрлан Мәжитұлы, Пішембаев Мейрам Құдайбергенұлы, сондай-ақ Сыздықов Тұрғын Исқақұлы шара барысында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында берілген міндеттерді жүйелеп, түсіндірді.
Сонымен қатар, кездесуге қатысқан университеттің студенттері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына педагогтардың мәртебесін нығайту, «Серпін» бағдарламасымен оқитын студенттердің жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі, «Жастар жылына» сәйкес жастарды қолдау барысында өтетін шаралар мен бағдарламалар жайында, сонымен бірге ақылы студенттерді білім мен ғылымға, оқуға ынталандыру мақстында стипенция үлестіру секілді көкейтесті сұрақтарын қойып, депутаттар тарапынан нақты жауаптар алды.