Жоғары білімнен кейінгі білім беру

Жалпы ақпарат

   Жоғары білімнен кейінгі және қосымша оқыту бөлімі ПОҚ, магистранттарды, маман кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру және магистратура мамандықтары бойынша оқу үдерісін жетілдіру мен қалыптастыруды қамтамасыз ететін университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.  

Жоғары білімнен кейінгі білім беру

   Қарқынды жаһандандыру үдерісі жағдайында қазіргі заманғы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті адами ресурстармен елімізді қамтамасыз етуге тартылған.

Магистратура – тиісті мамандығы бойынша «магистр» академиялық дәрежесін бере отырып, ғылыми және педагог кадрларды даярлауға бағытталған  жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы.   

Магистр – жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген тұлғаларға берілетін академиялық дәреже.

Магистратура – көп деңгейлі университеттік білім берудің үздіксіз жүйесінің маңызды және басымды буындарының бірі. Атырау мұнай және газ университеті дайындықтың келесі бағыттарына мамандық классификаторына сәйкес магистратураның 4 мамандығы бойынша магистрларды дайындауды жүзеге асырады: мұнай-газ ісі,  электроэнергетика, геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, органикалық заттардың химиялық технологиясы.   

Магистратурада оқыту екі бағыт бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады:

  • ғылыми-педагогикалық (2 жыл);
  • бейінді (1 жыл).

Ғылыми-педагогикалық магистратура терең ғылыми-педагогикалық дайындықты меңгерген жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылым саласына арналған ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындайтын жоғары оқу орнынан кейінгі  білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асырады.

Бейінді магистратура жоғары оқу орнынан кейінгі  білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асырады. Өнеркәсіптің тиісті саласын басқару органдары мен түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларын дайындауға бағытталған.

        Магистратура мамандықтары:  
6M070600 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау;
6M070800 – Мұнай-газ ісі;
6M072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы;
6M071800 – Электроэнергетика;

6М070600-Экономика

Магистратурада оқыту күндізгі түрде жүзеге асады.

Оқу сабақтары бір аусымда 18.00-ден 22.00-ге дейін ұйымдастырылады.

Магистратураның білім беру бағдарламалары оқытудың кредиттік технологиясы бойынша жүзеге асады және төмендегілерді қамтиды:  

1) оқу жоспарындағы пәндерді магистранттың таңдау еркіндігі;

2) оқу үдерісін оңтайлы және икемді жоспарлау;

3) білім алушының өз білімін жетілдіру қабілеттерін және өзін-өзі дамыту дағдылары мен қажеттіліктерін, өз бетімен шығармашылық меңгеру білімдерін тәжірибелік қызметінде пайдалану.  

Магистратура түлегінің іргелі ғылыми және кәсіби даярлығы болуы қажет және заманауи инновациялық технологияларды игеріп, ғылыми зерттеулердің әдіснама саласында білікті, қазіргі заманғы ғылыми және тәжірибелік мәселелерді тұжырымдай және шеше білуі, мұнайшылар, технологтар, геолог және т. б. үшін ғылыми-тәжірибелік, зерттеушілік және басқарушылық қызметті табысты жүзеге асыра білуі тиіс.

  ҚОСЫМША ОҚЫТУ

   Университет қызметкерлерінің, магистранттар мен басқа да оқудан өтетін тыңдаушылардың тілектерін ескере отырып, кемшіліктерді жою жөніндегі шараларды, біліктілігін арттыру және оқыту әдістері мен түрлерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу, оның тиімділігі мен сапалы оқыту нәтижелерін талдау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Бөлім қызметінің негізі бағыттары:  

• қайта даярлау бағдарламасы бойынша оқыту;

• мамандардың біліктілігін арттыру, тиісті үлгідегі сертификаттар беру;          

• түрлі саладағы мамандар үшін қысқа мерзімді бейімдеу курстары мен тренингтер ұйымдастыра отырып, курсқа қатысушыға белгілеген үлгідегі сертификаттар беру;

• ЖОО-ның түрлі бейіндегі магистранттарына қосымша білім беру қызметтерін көрсету.