«Химия және химиялық технология» кафедрасы

«Химия және химиялық технология» кафедра меңгерушісі - Жүнісова Элвира Бақтығалиқызы

Мұнай – әлем патшайымы болса, мұнай өңдеу – оның тағы

Кафедра қызметінің қысқашы сипаттамасы

    «Отын және көмірсутек материалдарының химиялық технологиясы» кафедрасы 1991 жылы профессор Т.П. Серіковтің бастамасымен  В.И. Ленин ат. ҚазПТИ Гурьев филиалы Ғылыми кеңесінің шешімімен құрылды, 2010 жылы «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасы болып өзгерді. 

«Қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы «Балық өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша инженер-технологтарды дайындау мақсатында 1995 жылы ҚР ҰИА прфессоры Т.П. Серіковтың бастамасымен құрылды. Кафедра 1998 жылдан бастап «Қолданбалы экология» (ҚЭ), «Қоршаған ортаны инженерлік қорғау» (ҚОИҚ) және «Ихтиология және өнеркәсіптік балық аулау» (ИӨБА) мамандығы бойынша ихтиолог-балық өсірушілерді дайындай бастады.  

2004 жылы Қазақстан бойынша жаңа сыныптаушы мамандықтарды енгізуге байланысты, мамандықтардың аты өзгертілді, және қазіргі таңда кафедрада 5 мамандық бойынша студенттерді даярлайды:

  1. 5В072100–Органикалық заттардың химиялық технологиясы; мамандандыру бойынша:
  • Мұнай мен газдың химиялық технологиясы.
  • Өндірістің химиялық технологиясы және полимерлерді өңдеу.
  • Мұнайхимиялық өндіріс технологиясы.

2.. 5В060600 – Химия

3. 5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы (сала бойынша);

4. 5В080400 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау;

5. 5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі.

 

2015 жылы екі кафедраның негізінде «Химиялық технология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы құрылды. Кафедра оқытушылары жоғары білікті, мол тәжірибелі мамандар, ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстармен кеңінен айналысады. 

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ БАҒЫТЫ

«Химия және химиялық технология» бағыты бойынша студенттерге 4 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, олардың ішінде 7 профессор және 2 доцент, 4 аға оқытушы, 5 оқытушы және 2 ассистент сабақ береді. Оқытушылар Мәскеу, Ленинград, Алматы, Қазан, Уфа және басқа да жоғары оқу орындарының түлектері. Олар ЖОО-мен халықаралық байланысты дамытып, ғылыми-зерттеу орталықтарымен бірлесіп, тығыз еңбек етуде. Кафедраның ПОҚ білім беру үдерісі, тәжірибе алмасу, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша Губкин атындағы РМУ, Уфа мұнайхимия өңдеу институтымен, Уфа МТУ Салауат филиалымен, Қазан технологиялық университетімен, Томск техникалық университетімен, Омск мұнайхимия жобалау институмен, Беларусь мемлекеттік техникалық университетінің ғалымдарымен тығыз байланыста. Жыл сайын кафедраның арнайы пәндерінен дәріс оқуға шетел профессорлары шақыртылады.

2014-2015 оқу жылында  5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтті. АтМГУ білім беру бағдарламасын тәжірибемен бекіту мақсатында «АМӨЗ» АҚ бірлесіп, «Полигон» экспериментті оқу бағдарламасын табысты жүзеге асыруда.  5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттері дуалдық білім беру жүйесімен білім алып жатыр.

Жоғарыда аталған мамандық бойынша оқу орны  «Омскнефтехимпроект» ААҚ, «Каспиймұнайгаз» ЖШС ҰЗИ-мен келісімшартқа отырып, студенттер осы мекемелерде іс-тәжірибеден өтіп, мекеме қызметкерлері студенттердің дипломдық жұмыстарына жетекшілік етеді.

       

 Студенттер жыл сайын Атырау МӨЗ, Теңіз ГӨЗ, Жаңажол ГӨЗ (Ақтөбе обл.), Қарашығанақ ГӨЗ, Жаңа өзен ГӨЗ, «Каспиймұнайгаз» ЖШС ҰЗИ, «Полипропилен зауыты» ЖШС, «Шеврон-Тексако», мұнайгаз өндіру кәсіпорындарында кәсіби өндірістік тәжірибеден өтеді және Аджип КСО, Worley Parsons, Fluor, «Омскнефтехимпроект» ААҚ жұмысқа орналасады.

2014 жылы «Химия және химиялық технология» кафедрасы өндірістік тәжірибеден өту үшін базасын тағы да екі кәспорынмен толықтырды. Павлодар мұнай өңдеу зауытында 3 және Шымкент қаласындағы «Мұнай инжинирингісінің жазғы мектебінде» 10 студент өндірістік тәжірибеден өтіп, мұнайхимия бағытының лаборанты деген куәлікті иеленді. Жолға қойылған байланыстардың арқасында диплом алдындағы тәжірибе кезінде студенттердің жұмысқа тұруына мол мүмкіндіктері бар. 

Кафедра мамандықтарының біліктілік сипаттамасы

5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»;  мамандандыру бойынша:

  1. Мұнай және газдық химиялық технологиясы
  2. Өндірістің химиялық технологиясы және полимерлерді өңдеу
  3. Мұнайхимиялық өндіріс технологиясы

5В060600 – Химия

   5ВО72100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврлар - мұнай шикізатының физика-химиялық құрамын анықтау бойынша зерттеулер жүргізеді, мұнайхимия үдерісін, мұнай мен газдың технологиялық үдерісін ұйымдастырады; технологиялық үдерістердің үлгісін жасайды және жоспарлайды; өндірісте механизмдер мен құралдарды тиімді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуін  қамтамасыз етеді.  

5В060600 – «Химия» мамандығы бойынша бакалаврлар - аналитикалық, экологиялық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық зертханаларда зерттеулер жүргізеді. Сертификациялық қызметте инженер, химиялық, мұнайхимиялық, металлургиялық, өнеркәсіптің фармацевтика саласында, аналитикалық, экологиялық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық зертханаларда, бөлім және зертхана басшысы қызметтерін атқара алады.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Студенттер институттың және қаланың қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады. «Мирас» тарихи-өлкетану туристік клубының, КТК клубының, Студенттік Ағылшын клубының, «Теңіз самалы» ұлт аспаптар оркестрінің, «Айгерім» би тобының, хор, SPE (жас инженер-мұнайшылардың халықаралық қоғамы), Студенттердің құрылыс отрядының белсенді мүшелері. Кафедра студенттері жыл сайын болатын студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференцияларына қатысады (біздің студенттердің жұмыстары университетте, сонымен қатар республикалық ауқымда үнемі жүлделі орындар алып келеді):

-  «Газ өнеркәсібіндегі жаңа технологиялар» жас ғалымдардың, мамандар мен студенттердің XI Бүкіл Ресейлік конференциясы, Мәскеу қаласы, ОЗХТ-15 қ/б студенті А.М. Шымырханова қатысты, 2015 ж.

- Студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Химиялық технология және қоршаған ортаны қорғау» секциясы, 14 сәуір 2016 ж. МГХТ-15 қ/б студенті Т. Жантілеуова 1- орынды жеңіп алды.

- 2016 жылы ОЗХТ-15 а/б студенті Нығметова  Динара Астана қаласында өткен «Regional Student Development Summit» Халықаралық конференцияға қатысып 2-орынды иеленді, ОЗХТ-15 а/б студенті  Жақсыбаева Нарғыз Көкшетау қаласында болған  «Тілдарын» Республикалық олимпиадасына қатысты,  

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Қазақстан: оқиғалар, фактілер және тұлғалар» атты интеллектуалды викторинада 1-орынды иеленді.

      Жыл сайын кафедрада мұнай-газ саласының жетекші кәсіпорындары, мысалы ТШО, Fluor компаниясы, АМӨЗ және т.б. өкілдері студенттермен сұхбаттасу жүргізіп, тест алады. Қорытындыдан кейін олар қабілетті студенттері тағылымдамадан өтуге шақырып, стипендия тағайындайды. Тағылымдамадан кейін үздік студенттер жұмысқа қалуға ұсыныстар алады. 

Біздің түлектеріміз Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі кәсіпорындарда, мысалы 

DSC01472

ТШО, МӨЗ, МХӨЗ, Қазтрансойл, Қазмұнайгаз және т.б. қызметтер атқарады.

Козырев Денис Вениаминович  - «АМӨЗ» ЖШС бас инженері,

Бисалиев Рүстем Жетпісқалиұлы – Бас инженердің бірінші орынбасары,

Сүлейменов Еркін Борисұлы – Бас технолог – техникалық бөлімнің бастығы,

Карабасов Вадим Сергеевич – Техникалық бөлім бастығының орынбасары,

Төлеуов Жасұлан Наурызбайұлы – МГҚӨ өндірісінің бастығы,

Шкодин Константин Юрьевич – хош иісті көмірсутектер өндірісі бойынша Кешен өндірісінің бастығы.

 «ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ» БАҒЫТЫ

Кафедра  келесі мамандықтар бойынша мамандарды даярлайды:

  • 5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы (сала бойынша);
  • 5В080400 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау;
  • 5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі. 
  • 5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

Кәсіби қызметтің нысаны азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша кәсіпорын (ет, сүт, ет-сүт өнімдері; балық, балық өнімдері; консервілер мен азық консентранттар өндірісі үшін мал арқылы алынатын шикізат көздері; уытты азық-түліктер, сыра қайнату, шарап жасау өндірісі; өсімдік және мал арқылы алынатын майлар; эфир майлары; қоғамдық тамақтану өнімдері), жобалау институттары, ғылыми мекемелер, оқу орындары болып табылады. Бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы тамақ өнеркәсібі, жобалау, ғылыми-зерттеу мекемелері, әртүрлі меншік түрлері мен нысандардың кәсіпорындары болып табылады.  Кәсіби қызметтің заттары - шикізат, жартылай дайындалған өнімдер, дайын өнімдер, технологиялық операциялар, үдерістер, машиналар, аспаптар мен құрал-жабдықтар, бақылау құралдары мен тәсілдері, құқықтық және нормативті құжаттар. Түлектерге «5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы «Техника және технология бакалавры» деген академиялық дәреже беріледі.

5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының түлектері технолог, әртүрлі меншік нысандары кәсіпорынның өңдеуші шебері, өндірістік зертхананың техник-технологы, ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО-да маман  (лаборант), орта білім беру мекемелерінде оқытушы қызметтерін атқара алады.

  • 5В080400 - Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

Балық шаруашылығы қызметі маманының кәсіби саласы табиғи және жасанды су қоймаларында су және балық шаруашылық басқаруды зерттеу болып табылады. Кәсіптік қызмет нысандарына балық шаруашылықтары, балық аулау ұйымдары мен кәсіпорындары, ғылыми-зерттеу институттары, экологиялық ұйымдар, орта білім беру мектептері кіреді. Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы бакалаврының мамандығы бойынша жоғары білім беру жүйесінің кәсіби қызметінің бағыттарына ішкі су қоймаларындағы балық және басқа да су ағзаларының жағдайларын зерттеу, балықтың барлық түрін өсіруді ұйымдастыру, аквамәдениет технологияларын әзірлеу және жетілдіру жатады.

5В080400 – «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығының түлектері  инженер; балық өсіру; ғылыми қызметкер; балық қорғау инспекторы; орта оқу орындарында оқытушы болып қызмет атқара алады.

  • 5В073100 – Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

5В073100- «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының негізгі нысандарына табиғиқұраушы, техногенді, әлеуметтік және ақпараттық жүйелер мен оның құрамдастары; су, жер, биотикалық және т.б ресурстар; өмір тіршілігінің қауіпсіздігін анықтауға, қоршаған ортаны төтенше жағдайлар туындаған кезде қорғауға арналған факторлар; ғылыми-зерттеу орталықтары, кеңсе мен компаниялар, фирмалар және меншік формаларының басқа түрлерін өрт, экология, химия, радиация қауіпсіздіктерінің және басқа да қауіпсіздіктердің алдын алу кіреді. 

Бакалаврдың кәсіби қызметінің саласына экономиканың барлық салалары, оның ішінде, әскери-өнеркәсіптік кешендер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылық, өндіру мен тұтынудың салалары, денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдар, қоршаған ортаны төтенше жағдайлардан қорғау салалары мен экология қызметтері кіреді.

5В073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының түлектеріне «Техника және технология бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Осы мамандық түлектері мұнай-газ өндіру және өңдеу өнеркәсібі салаларында, ғылыми-зерттеу орталықтары мен білім беру мекемелерінде, әртүрлі кәсіпорындарда қызмет атқара алады.

"Қоршаған ортаны қорғау" бағыты бойынша ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық

ПОҚ және студенттер арасында бекітілген жоспарға сәйкес мынадай бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіледі:

- Мұнай-газ саласының табиғи ортаға тигізетін әсерін зерттеу;

- Жайық-Каспий бассейнінің экологиялық және токсикологиялық жай-күйі;

- Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі зоопланктон және фитопланктон ахуалы.

    Халықаралық қарым-қатынастар жұмысын белсенді түрде құптайды. Мысалы: 2012-2013 оқу жылдарында. доктор рhD,  Джордж Мейсон Университетінің профессоры (штат Верджиниа, США)  Тоқтабаев Арнұр, «СТАНКИН» Мәскеу Мемлекеттік технологиялық университетінің профессоры, б.ғ.д., Бөкейханов Н.Р., Астрахань Ұлттық университетінің профессоры, б.ғ.д., Насибуллина Б.М., 2013-2014 оқу жылдары Астрахань инженерлік-құрылыс институтының  профессоры, б.ғ.д.,  Сокольский А.Ф., 2014-2015 оқу жылдары Астрахань Ұлттық техникалық университетінің профессоры, а.-ш.ғ.д Зайцев В.Ф.  кафедра студенттері үшін дәріс оқыды.

   Сондай-ақ, Астрахань Ұлттық университеті, Дағыстан Ұлттық университеті, Дағыстан Ұлттық техникалық университеті, Астрахань инженерлік-құрылыс институты, Қалмақ Ұлттық университеті және т.б жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатылған. 2010 жылдан бастап кафедра TEMPUS IEMAST халықаралық жобасына қатысады. Профессорлар Ергалиев Т.Ж., Қанбетов А.Ш. және  доцент Әбілғазиева А.А. бұл жобаның семинар-жиналысына қатысты. (Швеция, Стокгольм; Испания, Барселона; Нидерланды,  Амстердам).

   Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында кафедра студенттері Қазақстанның және шетелдің үздік жоғары оқу орындарында білім алады (Польша, Лешно, Я.А. Коменский атындағы жоғары кәсіптік оқыту мектебі, АЭБУ, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Х.Досмұхамбетов атындағы АГУ), сондай-ақ халықаралық экологиялық мектептеріне қатысады (Испания, Барселона; Қазақстан, Ақтау, Қызылорда).

    Қазіргі таңда біздің түлектеріміз ҚазМұнайГаз, ТШО, Аджип, ҚазҰБШЗИ, «Атырау бекіре балық зауыты» АМКК және де тағы басқа ірі компанияларда қызмет атқарады. Соңғы жылдары біздің кафедра түлектерін жұмысқа орналастыру көлемі 90%-ды құрады.

Біздің мекен-жайымыз: Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі 45А, №5-ғимарат

2-қабат, №217-бөлме. Электрондық пошта:

 «ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАР ЖӘНЕ КӨЛІК» КАФЕДРАСЫ