«Электроэнергетика» кафедрасының меңгерушісі - т.ғ.к., профессор Яшков Владимир Александрович, ұялы тел: 8 701 670 44 66, e-mail: [email protected]
«Электр техникасы және электрмен жабдықтау» кафедрасы ҚР ҰИА академигі Т.П. Серіковтің бастамасымен 1992 жылы құрылды. Бастапқыда кафедра «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша студенттерге жалпы электр техникасының дайындығын алғашқы курстарда жүргізді, оқуды аяқтау үшін 3-курстан кейін Алматы энергетика институтына жіберілді. Кафедра 1993 жылдан бастап ӨКЭ, ЭАТК, АТП мамандықтары бойынша электр инженері мамандарды толық даярлай бастады. Кафедра 1996 жылдан «Мұнай және газ өнеркәсібін электрлендіру және электрмен жабдықтау» (2004 ж.), ЭАТК және АТП мамандықтары бойынша электр инженері мамандарын даярлап шығаруда.
Кафедрада профессорлар, техника және физика-математика ғылымдарының кандидаттары:Қонарбаев Ақмарал Әбдешқызы,5 аға оқытушы, оқытушылар, инженерлер, лаборанттар қызмет істейді.
Кафедра электрэнергетикасы және телекоммуникация саласы бойынша келесі мамандықтарға даярлайды:
- 5В071800 - «Электрэнергетика» (сала бойынша);
- 5В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникация»;
Академиялық ұтқырлық аясында осы мамандықтың студенттері еліміздің, сонымен қатар алыс, жақын шетелдегі ЖОО-да оқуларын жалғастыруға мүмкіндіктері бар. Мысалы, соңғы екі жылда кафедраның мамандықтары бойынша 1 студент Я.А. Коменский атындағы Мемлекеттік жоғары кәсіби мектебінде (Лешно қ., Польша Республикасы) және 5 студент Алматы энергетика және байланыс университетінде, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де және Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде білімдерін жетілдірді.
Кафедра М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің «Теориялық электр техника және МГӨ электрмен жабдықтау» кафедрасымен, Астрахань мемлекеттік техникалық университетінің «Байланыс» кафедрасымен, Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университетінің «Автоматика және электр станциялары мен қосалқы станцияларды қорғау» кафедрасымен, Прага мемлекеттік техникалық университетінің «Электрэнергетика» кафедрасымен тығыз байланыста.
Қазіргі кезде «Электрэнергетика» кафедрасының филиалы «Атырау-Жарық» және «Қазақтелеком» өнеркәсіптік кәсіпорындарында бар. 2014 жылдың 6 желтоқсанында кафедраның 5В071800-«Электрэнергетика» және 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандықтары 5 жылға мемлекеттік аккредиттеуден өтті.
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА
«Электрэнергетика» кафедрасы №5 оқу ғимаратында орналасқан. ПОҚ интерактивті тақтаны, мультимедиялық проекторларды, диапроекторларды сабақтарында қолданады. №1 ғимараттың 228, 319,320,323,324, 426 және 427 аудиториялары - «Электрэнергетика» және «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандықтары бойынша зертханалық стендтермен, виртуалды-компьютерлік зертханалармен жабдықталған.
«Электрэнергетика» кафедрасы келесі зертханалық құрылғылармен жабдықталған:
1.«Релелік қорғаныс және электрмен жабдықтау автоматикасы» оқу-зертханалық стенд (427 ауд.);
2. «Электрлік машиналар» оқу-зертханалық стенд (324 ауд);
3. «Электрлі жетек» оқу-зертханалық стенд (324 ауд);
4.«Радиотехника» мамандығы бойынша компьютерлік зертханалық кешен (426 ауд);
5.«Радиотехника» мамандығы бойынша виртуалды зертхана (компьютерлік класс). (319 ауд);
6.«Электротехниканың теориялық негізі» және «Электр тізбегінің теориясы» пәндері бойынша виртуалды зертхана (компьютерлік класс) (320 ауд);
7. «Электрмен жабдықтау жүйесіндегі электр энергиясының сапасы» оқу-зертханалық стенд (323 ауд);
8. «Жаңғырмалы энергия көзі. Желдік генератор» оқу-зертханалық стенд (323 ауд);
9. «Электртехникалық материалдар» оқу-зертханалық стенд (228 ауд);
10. «Қондырғылардағы электр қауіпсіздігі» оқу-зертханалық стенд (228 ауд);
11. «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» оқу-зертханалық стенд (323 ауд).
2016 жылдың қараша айында келесі пәндер бойынша 6 зертханалық стенд орналастырылды:
1. Электртехниканың теориялық негізі және электр тізбегінің теориясы (319 каб.);
- Өнеркәсіптік электроника (319 каб.);
- Ақпараттық-өлшеуіш техника (319 каб);
- Электрмен жабдықтау (320 каб);
- Дәстүрлі емес жаңғыртылған энергия көздері. Күн сәулелік электр станциясы (320 каб);
- Электр станциялар мен қосалқы станциялар (320 каб).
КАФЕДРА МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАСЫ
5В071800 - «Электрэнергетика»
Студенттерді 5В071800 – «Электрэнергетика» мамандығы бойынша оқыту 05.05.2004 ж. ҚР МК бакалавриат мамандықтарын Сыныптауышына сәйкес (3.08.093-2004 ҚР МЖМС) 2004 жылдан бастап жүзеге асуда. 2013 жылдың 22 қаңтарында №13000652 бакалавриат мамандығы бойынша кәсіби білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға Мемлекеттік лицензия берілді.
5В071800 - «Электрэнергетика» мамандығы бойынша мамандарды даярлау бағыты ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген мамандықтардың түріне сәйкес келеді.
«5В071800-Электрэнергетика» мамандығының құрамында жүзеге асатын мамандандыру тізбегі:
- Электрмен жабдықтау;
- Технологиялық кешендерді автоматтандыру және электлі жетек.
- Электр станциялар мен қосалқы станциялар.
Түлектердің кәсіби қызметінің нысаны өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйесі, мұнай өндіретін кәсіпорын кешенін электрмен жабдықтау жүйесі, автономды нысандарды электрмен жабдықтау жүйесі болып табылады. Түлектер Атырау-Жарық, Атырау ЖЭО, KEGOC, ТШО, Аджип, АМӨЗ және т.б. кәсіпорындарда қызмет атқарады.
5В071900 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникация»
Кафедрада «Байланыс желілері және коммуникация жүйелері» және «Көпарналы телекоммуникациялық жүйелер» мамандандыру бойынша бакалаврларды дайындау жүзеге асуда. Кәсіби қызметтің аясы электронды құралдың көмегімен ақпараттарды түрлендіру, қашықтықтан ақпараттармен алмасу үшін жағдайды құруға бағытталған адами қызметтің әдістемесі мен тәсілдері, құралдары, технологияның жиынтығын қоса, ғылым мен техника саласы болып табылады. Кәсіби қызметтің нысаны оптикалық, радио, желі бойынша дыбыстарды, бейнелерді, жазба мәтіндерді, сигналдарды, белгілерді қабылдау мен сәулелендіру, әртүрлі бағдарламаларды қамтамасыз ететін техникалық құралдарды, технологиялық жүйелерді, сондай-ақ ақпараттары электронды құралдармен түрлендіруді пайдаланылатын кәсіпорындар, нысандар, мекемелер, білім беру ұйымдар болы табылады. «Қазақтелеком» АҚ, ТШО, Аджип, Қазтранском, Қазтрансойл, Транстелекомда және т.б. мекемелерде осы мамандықтың студенттері іс-тәжірибеден өтеді және оқуды аяқтағаннан кейін көбісі аталған жерлерде қызмет атқарады.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Кафедраның оқытушылары мен қызметкерлері ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, ғылыми семинарларға, симпозиумдарға белсенді қатысады. Жыл сайын ғылыми еңбектер республикалық және халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланып тұрады. 2016 жылдың 25 қарашасында «Электрэнергетика» кафедрасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының 1-республикалық конкурстық кезеңі өткізілді. Студенттер К.Юсупова, Б. Сахиева, А.Тілегенова, С. Рысқұлованың жұмыстары іріктеліп, 2-кезеңге қатысуға жолдама алды. Кафедраның студенттері жыл сайын өтетін Республикалық СҒЗЖ конкурстарына қатысып, жүлделі орындар алып келеді. Мысалы, 2014 жылы студент А. Қыдырғалиева «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» бағыты бойынша 3-орын, 2015 жылы студент Д.Сүлейменов «Электрэнергетика» бағыты бойынша 3-орын, 2016 жылы студент Б.Ақмұрзиев «Электрэнергетика» бағыты бойынша 2-орынды жеңіп алды. Жыл сайын кафедра студенттері институтта және облыста атқарылып жатқан шараларға белсене қатысады. ЭЭ-11 о/б студенттері И.Шигаев, Г.Федоров “Energize your future” (2013 жыл, Астана қ.) VI Халықаралық Жастар Форумына делегат болып қатысты. 2013 жылдың қыркүйек айында ЭЭ-11 о/б студенті И.Шигаев байдарка және каноедан есуден Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. РТ-11 қ/б студенті Р. Ізімбергенов АтМГИ (2013 ж.) «Студенттік көктем» фестивалі аясында өткен «Жігіт сұлтаны» конкурсының жеңімпазы болды. Алматы қаласында 2014 жылы15 наурызда өткен «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға РТ-11 қ/б студенті А. Қуанышева мен РТ-12 қ/б студенті А. Қыдырәлиева қатысып, топтық 3-орынды иеленді.
Біздің түлектеріміз еліміздің ірі компанияларында, мысалы: ҚазМұнайГаз, ТШО, Аджип, KEGOC, АтырауЖарық және т.б. жұмыс істейді. Кафедра бойынша соңғы жылдары түлектерді жұмысқа орналастыру 75% құрады.
Біздің мекен-жайымыз: Атырау қ., Баймұханов көшесі 45а, №5 ғимарат, 2-қатар, №206-бөлме
Электронды пошта: E-mail: aie-2012@mail.ru