«Құрылыс, стандарттау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» кафедрасы

 «Құрылыс, стандарттау және өмір тіршілігінің қауіпсіздіг»і кафедрасының меңгерушісі - т.ғ.к., АтМГУ профессоры Бисенғалиев Макс Дауылбайұлы, ұялы тел: 8 778 111 60 00, e-mail: [email protected]

   «Құрылыс және стандарттау» кафедрасы өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс үшін, газ және мұнай құбырлары мен қоймаларын, автомобиль жолдары және аэродромдарды салу, сондай-ақ стандарттау, сертификаттау, метрология өнеркәсіп саласында кең бейінді мамандарды даярлауға арналған кафедра болып табылады. Ағымдағы жылда кафедра оқытушыларының саны 10 адамды құрады. Олардың ішінде 4 - т.ғ.к., және 1 - т.ғ.д. ғылыми дәрежелері мен атақтары бар 5 адам жұмыс атқаруда. Кафедрада техника және технологияның 2 магистрі бар. Кафедраның оқытушы - профессорлар құрамы терең білім беріп ғана қоймай, сонымен қатар топ кураторлары ретінде студенттер арасында үлкен тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

Кафедра студенттері сенбіліктерге, спорттық жарыстарға АтМГУ ұжымы ұйымдастырған (SPE, би тобы, дебат клубы, т.б.), басқа да кафедра және институт ұйымдастыратын іс-шараларға белсенділікпен қатысады. Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы жыл сайын студенттеріді тарту мақсатында қалалық кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайын кафедрада студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциялар өтеді. Кафедра ұжымы студенттердің ғылыми жұмыстарын басқаруды жүзеге асырады. «АтМГУ-дағы Студенттік көктем» фестивалі шеңберінде кафедрада жыл сайын «Сәулет-1» пәні бойынша пәндік олимпиада өткізеді. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 Кафедра студенттері жыл сайын Алматы қаласында ҚазБСҚА-да өтетін республикалық пәндік олимпиададан үздік нәтижелер көрсетіп жүр. Кафедрада "Болашақ құрылысшылар" үйірмесі бар, үйірме басшысы кафедраның аға оқытушысы Г.Р. Айманова.

2013 жылы "Құрылыс" мамандығы бойынша кафедраның екі студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польша мемлекеті, Лешно қаласында орналасқан Ян Коменский университетінде алғаш рет кәсіби білім алды. 2014 жылы жаңа оқу жылының басынан бастап жоғарыда айтылған университетке кафедраның тағы екі студенті бағытталды. 2014 жылы Астрахань инженерлік-құрылыс институтында кафедраның 8  студенті "Құрылыс" мамандығы бойынша өндірістік тәжірибеден өтті.

       Кафедра бөлек №9 ғимаратта орналасқан 2 және 3-ші қабаттағы 9-дәрісхананы және («Құрылыс машиналар», «Құрылыс», «Құрылыс материалдары» пәндері бойынша) жертөледе орналасқан 3 оқу зертханаларын, 27 компьютермен жабдықталған 2 компьютер кабинетін алып отыр. Құрылыс мамандықтары бойынша студенттерді оқыту барысында графика бағдарламасы AutoCad пайдаланылады. Дәрісханалар арнайы безендірілген баннерлермен, стендтермен, дисплей парақтарымен, интерактивті тақтамен, мультимедиялық құрылғылармен жабдықталған. Ғылыми-зерттеу зертханасы кафедрасының иелігінде, «Дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздері» зертханасы бар. Кафедра ҚазБСҚА, ҚазҰТУ, ҚарМТУ сияқты Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста. Кафедра студенттерінің диплом қорғау алдындағы өндірістік және технологиялық тәжірибеден өту үшін  АҚ "КаспийМұнайГаз" ЖШС, "КаспийИнжиниринг" АҚ "АМӨЗ" ЖШС, "ЖилПромБетон" ЖШС, "КССКиД" ЖШС, "Атырауавтоспецстрой" Қазақстандық стандарттау мен сертификаттау институтында, «Каспий маңы сертификаттау орталығында» ЖШС "ҚазГБҒЗИ" және т.б. келісімшартқа отырып, "Атыраужолдары" ЖШС, "Атыраустройпроект" ЖШС, "АтырауБетонСнаб" ЖШС ұйымдар базасында кафедра филиалдары бар. Кафедра түлектері «Синопек инжиниринг» ЖШС,  "Каспиймұнайгаз" АҚ, «WorleyParsons» ЖШС, "Консорциум Іскер" ЖШС, "Каспий инжиниринг" ЖШС, "РинаҚазақстан" ЖШС, "Теңізшевройл" ЖШС , "ҚазНИГРИ" ЖШС, «Каспий маңы сертификаттау орталығы» ЖШС, "Атыраужолдарында" ЖШС жұмыс атқаруда.

Кафедра мамандықтарының біліктілік сипаттамасы

Кафедра техника және технологиялар бакалавры академиялық дәрежесі бар келесі мамандарды даярлайды:

 

Мамандықтар

Білім беру бағдарламасы

Бейіндік пәндер

1

5В072900 –

Құрылыс

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы

Физика

Газ және мұнай құбырлары мен қоймаларын салу

Физика

2

5В073200–Стандарттау және сертификаттау

 

Стандарттау және сертификаттау

Физика

Метрология және метрологиялық қамтамасыз ету

Сапа, стандарттау және сертификаттау

 

5В072900 -"Құрылыс" мамандығының түлектері ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық құрылыс жұмыстары бойынша сұранысқа ие.

Кәсіби қызмет саласын қамтиды: машина жасау, химия, тау-кен, мұнай, газ, металлургия өнеркәсібі.
5В072900 - «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» мамандығының түлектері құрылыс-монтаж жұмыс істеу аясындағы басқармалар мен ұйымдарда, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында, құрылыстың техника мен жабдықты жөндеу және пайдалану мекемелерінде, кәсіпорындар салу жөніндегі акционерлік бірлестіктер бойынша қызмет атқаруда сұранысқа ие.

«Газ және мұнай құбырларымен қоймаларын салу» білім беру бағдарламасының түлектері құрылыс және монтаж басқару ұйымдарында, коммуналды шаруашылық мекемелерінде, құрылыс техникасы және жабдықтарын іске қосуға арналған өнеркәсіптерде, құрылыс акционерлік бірлестігінде, магистралдық газ және мұнай құбырларын құрастыру және жөндеуге арналған ұйымдарда, көмірсутек шикізаты және одан шығатын өнімдерді сақтау және тасымалдауға арналған ғылыми-зерттеу және жобалау орталықтарында зор сұранысқа ие. 

5В073200 - «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы түлектері -  өндірушілер мен тұтынушылар үшін жоғары экономикалық тиімділігі бар өнімдер мен қызметтердің жоғары сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған метрологиялық қамтамасыз етуге арналған жұмыстарда өнімнің (қызмет) ережелері мен талаптарын сақтай отырып, құру, жүзеге асыру және сұранысты бақылау, үдеріске (жұмыс) және олардың даму жүйесінде, өндірісіне, қолдану (пайдалану) жұмыстарында  үздік болып табылады.