«Технологиялық машина және көлік» кафедрасы

«Технологиялық машина және көлік» кафедрасының меңгерушісі - т.ғ.к, АтМГУ доценті Медетов Шоқан Медетұлы, ұялы тел: 8 702 199 39 18, e-mail: [email protected]

«Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары» кафедрасы институттың Ғылыми кеңесінің шешімімен 1992 жылы 30 қаңтарда құрылды. Кафедраның ашылуы, оның материалдық-техникалық базасының нығаюы жолында х.ғ.д., профессор, академик Серіков Төлеуіш Пәуеденұлының еңбегі өлшеусіз.  Кафедраның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан т.ғ.к., профессор Көшеков Әлібек Оңайбайұлы «Мұнай және газ кәсіпшілігі машиналары мен жабдықтары» кафедрасының бірінші меңгерушісі болды. Кафедра жұмысын жетілдіру ісіне айтарлықтай үлес қосқан т.ғ.д., профессор Ермеков Миллат Мұхаметқалиұлы, т.ғ.к., профессор Әжікенов Нұрлан Сатымұлы кейін кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. «МжГКМЖ» кафедрасы институттың қалыптасуымен қатар дамыды. Кафедра осы жылдар ішінде дамудың көптеген сатыларынан өтіп, «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары», «Теңіз мұнай-газ құрылысы», «Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары», «Машиналар және табиғатты пайдалануды  жайластыру және қоршаған ортаны қорғау» мамандықтары бойынша мамандар дайындап шығарды.

   2004 жылы 28 тамызда институттың Ғылыми кеңесінің шешімімен «МжГКМЖ» кафедрасы базасында «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасы құрылды. Жоғары оқу орны Ғылыми кеңесінің шешімімен 2007 жылы  050715 – «Теңіз техникасы және технологиялары» мамандығы,  2012 жылы 050710–«Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы кафедраға ауыстырылды. Бүгінгі таңда кафедра 5В072400 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», 5В071500 – «Теңіз техникасы және технологиялары», 5В071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», 5В071300 – «Көлік, тасымалдау техникасы және технологиялары» және 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды.

   2015 жылы 8 маусымда институттың Ғылыми кеңесінің шешімімен «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасы базасында «Технологиялық машиналар және тасымалдау» кафедрасы құрылды.   2015 жылы жоғары оқу орны Ғылыми кеңесінің шешімімен 5В071300 – «Көлік, тасымалдау техникасы және технологиялары» және 5В090100– «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандықтары кафедраға ауыстырылды.  

2016-2017 оқу жылында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы штат бойынша 13 адамнан тұрады. Оның ішінде 6 техника ғылымдарының кандидаты, 3 профессор, 3 доцент, 4 аға оқытушы, 1 аға оқытушы қызметін атқарушы, 2 оқытушы бар. Сондай-ақ, 2 аға зертханашы, 1 зертханашы мен 1 инженер.

КАФЕДРА ЖЕТІСТІКТЕРІ

   «Технологиялық машиналар және тасымалдау» кафедрасы салалас жоғары оқу орындарымен, оның ішінде Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТИУ-мен, профессор Жанұзақов И.И. Қауымдастық директорлар кеңесінің, доцент Абишев М.Н. дәнекерлеу саласындағы білім беру бойынша комитеттің құрамына кіретін Total француз мұнай-газ компаниясымен ынтымақтастық негізінде құрылған «КаzWeld» Қазақстандық дәнекерлеу Қауымдастығы аясында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетімен және Қазақстанның ҒЗИ-мен тұрақты байланыс жасайды. 2013-2014 жылы доцент М.Н. Әбішев 4 ай курстан өтіп, Дәнекерлеу бойынша халықаралық инженер дипломын алды. Кафедра ЖОО мен және мекемелермен тығыз қарым-қатынаста. Мысалы: 

 - жақын шетелдермен – Ресей халықтар достығы университеті (Мәскеу қ.), И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, Ташкент тоқыма өнеркәсібі институты, Самарқанд политехникалық университеті, Украина Ұлттық ғылым Академиясының В.Н. Бакуля атындағы аса қатты материалдар институты, Әзербайджан Ұлттық ғылым Академиясының Геология институты,  Каспий теңіз және өзен тасымалы институты –«Волга су тасымалы мемлекеттік  академиясы» ФБОУ ВПО филиалы, И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті, Астрахань мемлекеттік техникалық университеті;

- кәсіпорындармен - НИПИ «Каспиймұнайгаз» , «Жігермұнайсервис» ЖШС, «Қазмұнайгаз-Бұрғылау» ЖШС, «Ембімұнайгаз» ӨФ, «Эмбаведьойл» БК, «Қазақойлбұрғылау» ЖШС, «Атыраумұнаймаш» АҚ, «Каспиан Энерджи Ресерч»,  «Тенгизшевройл» ЖШС,  «КазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ АФ, «Қазақавтожол» АМК АФ, «GRAHAM MANUFACTURING KAZAKHSTAN LLP» ЖШС, «Каспий құбыр жүргізу консорциумы» АК, «ОралсервисСпецтехника» ЖШС,  «Қайрат» ЖК,  «Ескертқыш Қызмет Қазақстан» ЖШС, «Тілекші» ЖШС,  «Қазтұрбажөндеу» ЖШС.

   5В072400 - «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығының 3,4-курс студенттері «Жігермұнайсервис» ЖШС кәсіпорнында дуалдық білім беру бағдарламасы бойынша оқиды. Бұл бағдарлама былтырғы оқу жылында енгізілді.  Бағдарламаның артықшылығы студенттер жоғары оқу орнында алған білімдерін кәсіпорында тәжірибелік дағдылармен ұштастырады. Оқуды бітіргеннен кейін диплом мен еңбек кітапшасы беріледі. Жыл сайын шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыртылған оқытушылар кафедраның арнайы пәндері бойынша дәріс береді.  Астрахань мемлекеттік техникалық университетінен т.ғ.д., профессор Сахно Константин Николаевич және т.ғ.к., доцент Чанчиков Василий Александрович 5В071500 - «Теңіз техникасы мен технологиясы» мамандығы студенттеріне «Навигациялық гидрометеорология», «Кемені электрмен жабдықтау» пәндері бойынша, Орынбор мемлекеттік университетінен т.ғ.к., доцент Сагитов Рамиль Фаргатович 5В072400-«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы студенттеріне арнайы пән бойынша дәріс жүргізді. 2015-2016 оқу жылында ТМК-14 қ/б студенті Жеткіншекова Жазира мен ТМК-14 о/б студенті Хлопцева Екатерина «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша Польша Республикасы, Лешно қаласында оқыды. ТМК-12 қ/б студенттері - Абдигани Сағадат, Садуақасов Сәулет, Еламанов Руфат Ақтау қаласында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінде өткен республикалық пәндік олимпиадада командалық 1-орынды иеленді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде, Мәскеуде, Финляндияда, Колорадо Денвер штатында, Луизиана штатында, Александрияда, Великобританияда, Чехияда және Уфа қаласындағы Халықаралық техникалық мұнай университетінде халықаралық тағылымдамадан өтті. ТМК-13 қ/б студенті Жексенбаева Айгерім (жетекші-оқытушы Қалиева А.Д.) 2016 ж. 14-15 сәуірде өткен студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияда 1-орын алды.  ТМК-14 о/б студенті Хлопцева Е. мен ТМК-14 қ/б студенті Жеткіншекова  Жазира  2016 жылы наурызда халықаралық «MY WAY-MY CHOICE» онлайн олимпиадасына ағылшын тілі бойынша қатысып,  командалық 1-орынды иеленді және Атырау мұнай және газ институты ректоры А.А. Абишевтің Алғыс хатымен марапатталды. 

Біздің мекен-жайымыз: Атырау қ., Баймұханов көшесі 45а, №5-ғимарат

2-қабат,  №.201-бөлме

Электронды пошта