«Қазақстан Тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы

 «Қазақстан Тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі - т.ғ.к., доцент Нығметов Болат Сырымұлы, ұялы тел: 8 701 415 33 94, e-mail: [email protected]   

e-mail: [email protected]

      Кафедра АтМГИ-ның ректоры, профессор Т.П. Серіковтың бастамасымен 1985 жылы ҚазПТИ-ның жалпы техникалық факультеті жанынан құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушілері: ф.ғ.к., доцент  К.И. Ким, т.ғ.к. В.Н. Болдырев, ф.ғ.д., профессор К.Т. Өтелбаевтар болды.  Ал қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі қызметін т.ғ.к., доцент Б.С. Нығметов атқарады. Кафедрада т.ғ.к., доцент   Н.К. Хисметов, аға оқытушы Н.И. Өтегенов, ф.ғ.к., доцент Е.И. Иманқұлов, т.ғ.к., доцент С.Т. Тілепов, ф.ғ.к., доцент, АтМГИ-ның құрметті профессоры У.Т. Қожахметов, ф.ғ.к., АтМГИ профессоры Б.О. Баймұханов, ф.ғ.д., профессор К.Е. Ермековтер еңбек етті.

      Қазіргі уақытта кафедрада 8 штаттық оқытушы, олар: ф.ғ.д., профессор К.Т. Өтелбаев, ф.ғ.к., профессор А.Т. Бисекенова, т.ғ.к., доцент Б.С. Нығметов, т.ғ.к., профессор М.У. Нұрсұлтан және 3 аға оқытушы мен лаборант қызмет істейді. Қазақтың  біртуар тұлғалары Ғ. Есім, І. Жақанов,         Р. Отарбаевтар кафедраның құрметті профессорлары.

     Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы Университеттің барлық факультеттерінің күндізгі және қашықтықтан оқыту бөлімдерінде философия, Қазақстанның қазіргі заман тарихы, құқық негізі, дінтану, халықаралық теңіз құқығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негізі, өлкетану пәндерінен дәрістер оқып, семинарлар өткізеді.  Кафедра   оқытушылары оқу-әдістемелік жұмыстармен қатар ғылыми жұмыстармен де айналысады. Оқытушылар С.Е. Кенжебаева, М.Ш. Нартаев және т.б. ғылыми ізденіс үстінде.

       Кафедра көптеген жоғары оқу орындармен және ғылыми мекемелермен тығыз байланыс орнатқан. Солардың ішінде: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ,            Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Абылайхан атындағы ҚХТжӘТ Университеті, Абай атындағы АлМПУ, АсМТУ (РФ), Х. Досмұхамедов атындағы АтМУ.              

      Кафедра жыл сайын оқытушылар мен студенттер арасында ғылыми-тәжірибелік конфенренциялар, ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіп тұрады. «Ақиқат», ҚазҰУ-нің «Хабаршы», ҚазҰТУ-нің «Хабаршы», «Мысль», ММУ-нің (РФ), АсТУ-нің (РФ) «Хабаршы» журналдарында кафедра оқытушыларының 150-ден аса ғылыми мақалалары жарық көрді.

      Ф.ғ.д., профессор К.Т. Өтелбаев Атырау облысы ҚХА-ның ғылыми-зерттеу тобының мүшесі, ф.ғ.к., профессор А.Т. Бисекенова «Ардагерлер кеңесін», доцент Л.Т. Садыкова АтМГУ-нің «Дағдарыс орталығын» басқарады.